Медициналық өнімге сараптама жасау үшін алдымен өтінім жазылады

60 қаралу саны

Достар, біз дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар дәріхана сөресіне түскенге дейін ДЗСҰО-да қандай сараптамалық кезеңдерден өтетінін тұрақты түрде жариялауды бастаймыз.

Медициналық өнімге сараптама жасау үшін алдымен өтінім жазылады

Жыл сайын ДЗСҰО-на дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сараптамадан өткізу үшін 10 мың тапсырыс түседі. Қазақстандық нарықта дәрі-дәрмек сатқысы келетін немесе бұрын тіркелген дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қолдану мерзімін ұзартқысы келетін отандық және шетелдік өндірушілер өтінім береді.

Биыл 8 айда дәрілік заттарды сараптауға орталыққа 6 948 өтінім келіп түсті, оның 5 816 қабылданып, одан әрі сараптамаға жіберілді. Медициналық бұйымдардың сараптамасына 3005 өтінім келіп түсті.

Сонымен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамадан өткізу үшін portal.dari.kz и temidari.dari.kz порталдары арқылы өтініш беру қажет.

Сарапшылар порталдарға келіп түскен өтінімдердің дұрыс толтырылғандығын, қызмет көрсеткені үшін төлемнің бар-жоғын, сондай-ақ қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың үлгілерінің бар-жоғын тексереді. Егер талап етілетін құжаттар дұрыс толтырылып, толық көлемде ұсынылса, ары қарай тіркеу дерекнамасына сараптама жүргізу үшін сараптама блогына беріледі.

Өтінімдер не себептен қабылданбай, кері қайтарылады?

Көбінесе өтінімдер дұрыс толтырылмаған немесе құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда қабылданбайды.

Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығының байланыс нөмірлерін естеріңізге сала кетейік:

Нұр-Сұлтан қаласында: 8 (7172) 78 99 07

Алматы қаласында: 8 (727) 331-08-05

Орталық мамандары: 8 (7172) 78-98-70, 8 (727) 279-59-67

Сондай-ақ өтініш берушілер үшін барлық қажетті ақпарат біздің сайтта қол жетімді www.ndda.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған