Маусымдық тұмаудың алдын алу шаралары қандай?

33 қаралу саны

Күз және қыс мезгілдерінде адамдар арасында вирустық инфекциялық аурулар жиілейді. Осы орайда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов вирустық инфекциялардың алдын алу шаралары туралы айтып берді: «Вирустардың барлығы негізінен ауа-тамшы жолдары арқылы таралады. Оның алдын алу шараларына гигиена сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану жатады. Көшеде, қоғамдық көліктерде және басқа жерлерде маска киіңіз, оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Сонымен қатар, бөлмені жиі желдетіп, ауаны ылғалдандыру қажет. Түскі уақытта таза ауада серуендеуге шыққан өте пайдалы. Мұрынды және ауыз қуысын тұзды ерітіндімен шайып, су, тәтті емес шырындар мен шайды көбірек ішкен жөн. Ал өзіңізді қорғаудың ең сенімді әдісі – тұмауға қарсы екпе салдыру. Вакцина жасасаңыз, бойыңызда вирусқа қарсы антиденелер пайда болады. Тұмауға қарсы маусымдық вакциналарды өндірушілер жыл сайын ДДСҰ ұсынысы бойынша екпенің құрамын өзгертіп, маусымдық тұмаудың мутациялық түріне бейімдейді. Екпені дәрі-дәрмекке аллергиясы бар адамдардан басқаларының барлығы алған жөн. Кішкентай балалар, созылмалы ауруы бар азаматтар, қарттар мен жүкті әйелдер вакцинация жасауы қажет».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған