Маска сатып аларда, оның қауіпсіз екенін қалай тексеруге болады?

47 қаралу саны

Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден және қауіпсіздікті бағалау рәсімінен өтпеген медициналық бұйымдарды сатуға тыйым салынған. Ал медициналық маска медициналық бұйым болып саналады. Медициналық бетпердені сатып алғанда, провизордан оның маркировкасын сұрай аласыз, онда бұйымның сауда атауы көрсетіледі. Ол тіркеу куәлігіндегі және ҚР Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміндегі атаумен сәйкес келуі тиіс. Тізілімде бұйымның тіркелуі туралы мәліметтер болады.

Сондай -ақ, «Сертификаттар» бөлімінде маркировкада көрсетілген серия нөмірі бойынша берілген серия қауіпсіздікті бағалаудан өткені немесе өтпегені туралы мәлімет ала аласыз. Дәріханада сіз медициналық бетперденің сапа сертификатының көшірмесін талап ете аласыз. Есіңізде болсын, кез-келген медициналық бұйымды тек мамандандырылған жерлерде сатып алу керек.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімі ДЗСҰО сайтында төмендегі сілтемеде орналасқан: https://www.ndda.kz/category/search_prep

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған