Маска кию вирусты жұқтыру қаупін 90%-ке дейін төмендетеді

32 қаралу саны

Қоғамдық орындарда, адамдар көп өтетін көшелерде, соның ішінде қоғамдық көлікте бетперде кию вирустың ауамен таралуына жол бермейді. Өздеріңіз білетіндей, адамдар коронавирус инфекциясымен симптомсыз ауыруы мүмкін және бұл туралы білместен, қоғамдық орындарда маскаларды қолданбай жүрген жағдайда басқаларға жұқтыру қаупін тудырады. Әрине, тығыз байланыста немесе бір бөлмеде ұзақ уақыт болған кезде маскалар вирустардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ бұл ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Ал барлық адамдардың маскаларды қолдануы вирусты жұқтыру қаупін 90% -ке дейін төмендетеді.

Өкінішке орай, адамдардың көбі бетпердені қалай тағу керектігін білмейді. Біз көшеде адамдардың мұрнын жаппай, аузын ғана жауып жүргенін көріп жүрміз. Егер мұрынды жаппаса, онда бетперде жоқ деп есептеңіз. Егер бетперде одан да төмен сырғып, мұрынды да, ауызды да жауып тұрмаса, онда бұны да бетперде жоқ деп есептеуге болады.

Сондықтан медициналық бетпердені қауіпсіз тағу ережелеріне назар аударуды сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған