МӘМС: Жиі қойылатын сұраққа жауап

90 қаралу саны

Жиі қойылатын сұрақ:

Қазіргі таңда сақтандыру мәртебесінің жоқтығына байланысты азаматтардың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініштері көбейді. Мынандай себеппен:⠀

• науқас ұзақ емдеуде (2-4 айдан астам) ал (мысалы, қатерлі ісікпен ауыратын науқас, бірнеше айлар бойы химиотерапия алған, болашақта мүгедектікті тіркеуге тура келеді, алайда сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты медициналық ұйым оны тегін тексеруден бас тартады) жұмыс беруші Қорға жарна аудармайды. Салдарынан науқас қажетті тексерулерден өте алмай, мүгедектікті тіркеу үшін құжаттарды дайындай алмайды.

Жауап: Барлық онкологиялық аурулар әлеуметтік маңызы бар аурулар тобына кіреді, және мұндай науқастар динамикалық байқауға алынады.

Сонымен бірге медициналық қызметтер медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі, (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығы) нәтижесінде сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты медициналық ұйымдардың онкологиялық ауру динамикалық байқауынан бас тарта алмайды.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған