МӘМС: Жиі қойылатын бес сұраққа – нақты жауап

68 қаралу саны

Сұрақ: Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін жарна төлеуден босатылған кәсіпкер өткен айлар үшін қызметкерлеріне аударымдар төлеуі керек пе?

Жауап: Иә. Жеңілдік кезеңі – бұл төлемдерді кейінге қалдыру, оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймайды. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға жарнасы төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін қорға төленбеген кезеңдерге, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан жұмыс берушілер қызметкерлері МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігіне ие болуы үшін өткен айлардың жарнасын төлеуі қажет.

Сұрақ: Сақтандырылмаған азаматтарға емханада медициналық қызмет көрсетуден бас тартса, не істеу керек?

Жауап: Емханаларда ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы қорға хабарласуға болады.

Сұрақ: Жарна төлеуден босатылған кәсіпкер өз қызметкерлерін қалай сақтандыра алады?

Жауап: Егер сіздің бизнесіңіз 1 қазанға дейін медициналық сақтандыру қорына жарнаны төлеуден босатылғандардың тізіміне енсе, онда сіз өз қызметкерлеріңізді сақтандырылғандардың тізіміне қосуыңыз керек. Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында арнайы сілтеме бар. Онда жұмыс беруші электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен өз қызметкерлерінің деректерін жүктейді. Тізімді ай сайын жаңартып отыру керек.

Сұрақ: Егер бір жыл ішінде емханаға медициналық көмекке жүгінбесеңіз, ақшаңызды қайтарып алуға бола ма?

Жауап: МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді. Медициналық сақтандыру қорына енгізілген ақша жинақталады және тек медициналық көмекке ақы төлеуге жіберіледі. Егер бір жыл ішінде сізге көмек қажет болмаса, онда бұл көмек сіздің отбасыңыз бен жақындарыңызға қажет болуы мүмкін. Сондықтан медициналық сақтандыру қорынан ақша қайтарылмайды.

Сұрақ: Жұмыс берушіге қызметкерлер үшін аударымдарды уақытылы төлемегені немесе толық төлемегені үшін өсімпұл не айыппұл есептеле ме?

Жауап: Иә. Өз қызметкерлері үшін жарна аударатын жұмыс берушілерге МӘМС бойынша берешек үшін төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күнге берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген. Егер жұмыс беруші қызметкерге ақы төлемесе немесе оны уақтылы жасамаса, қызметкер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде «сақтандырылмаған» күйіне өзгереді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған