МӘМС жүйесімен айналыса алмайтын жақындарыңызға қалай көмектесуге болады?

Фото: Depositphotos
113 қаралу саны

Бұл туралы қалай ойласақ та, бірақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесі біздің өмірімізге анық кірді. Ел бұған дайын болмай шыққан жалғыз нәрсе – реформаның алғашқы күндерінен бастап ұйымдастырушылар тап болған көптеген техникалық қиындықтар. Бұған кәдімгі қазақстандық ұқыпсыздықты, барлық деңгейдегі парақорлықты қосыңыз және сіз проблемалардың көңіл көншіте қоймайтын жиынтығына тап боласыз.

Дей тұра, біз проблемалар туындаған кезде оларды шешу керек екенін түсінеміз. Қазіргі кездегі ең үлкен қиындық – сақтандыру мәртебесінің жаппай болмауы, соған байланысты наразы азаматтар 1406 қызметінің жұмысын қиындатты. Алайда, оны шешудің дәлелденген және толық ресми әдісі бар.

Сонымен, жиі қойылатын сұрақ: егер сіз бір немесе бірнеше айға жарна аудара алмай қалғандықтан міндетті медициналық сақтандыру мәртебесінен айырылған болсаңыз,  не істеу керек?

Ең бастысын есте сақтау керек:  егер сіз жүйеде 2020 жылға арналған төлемдерде кемінде 1 ай өткізіп алсаңыз, сіз сақтандыру мәртебесін автоматты түрде жоғалтасыз. Бұл әзіл емес: Қазақстанға әкелінетін көптеген қымбат дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирусты емдеу міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді, яғни, олар пациенттерге 2020 жылы жарналарын нақты толық төлеген жағдайда тегін беріледі. Мысалы, вирусқа қарсы авифавир  препаратының 40 таблеткасының бөлшек сауда бағасы 100 мың теңгеден (!) асады.

Осы жерде логикалық сұрақ туындайды: неге міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде адамдар кенеттен сақтандырылмаған болып шықты? Жауапты Қордың өзі береді: бұл сәуір айында көптеген жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жалақысыз демалыстарға жіберген кезде орын алуы мүмкін. Дәл осындай жағдай көптеген БЖТ төлеушілерде де болды, олар Қор азаматтардың шартты сақтандыру мәртебесін алдымен сәуірге, содан кейін шілдеге дейін ұзартады дегенді жаңсақ түсінді. Яғни, сіз карантин мен төтенше жағдайға байланысты біраз уақыт салым салмаймын деп ойладыңыз, барлық түсіністік осы жерден орын алды.

Медициналық сақтандыру қоры түсініспеушілікті біршама төмендету үшін жоғалған сақтандыру мәртебесін тез қайтарудың келесі схемасын ұсынды: өткізіп алған айлардағы қарызды жабу үшін оны жұмыс берушіден талап етудің қажеті жоқ, әр өткізілген ай үшін 2125 теңге мөлшерінде өзіңіз төлей аласыз. Жарналарды Қазпочта арқылы, банктердің қосымшалары арқылы төлеуге болады. Мысалы, мұны Kaspi банкінің қосымшасы арқылы жасау өте қарапайым:

✔️ «Төлемдер» бөлімін ашыңыз,

✔️ Іздеуде  МӘМС-ті теріңіз,

✔️ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар» бөлімін таңдаңыз,

✔️ төлеушінің түрін таңдаңыз: «өзін-өзі төлеу – 2125 теңге»,

✔️ төлем мерзімін таңдаңыз (әр айға жеке төлеу керек),

✔️ төлеушінің ЖСН енгізіңіз.

Енді жүйеде сіздің деректеріңізді жаңартып, сақтандыру мәртебесін қалпына келтіруді күту қажет. Әдетте төлемнің өңделуін 3 күнге дейін күтуіңіз керек. Егер жұмыс беруші міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінде барлық берешектерді төлеген болса, төлем өңделгенше 5 күнге дейін күтуге тура келеді, содан кейін адам қайтадан сақтандырылады.

Сіз осы мәртебені Telegram қосымшасында https://t.me/SaqtandyryBot арнайы ботын іске қосып, бірнеше минут ішінде тез тексере аласыз. Бот интерфейсінің төменгі жағындағы мәзірден «Сақтандыру мәртебесін анықтау»-ды таңдау керек. Содан кейін өзіңіздің ЖСН (немесе мәртебесін білуді сұрайтын адамның ЖСН) енгізіп, төлемдер тарихы бар тізімді күтіңіз. Айт кетейік, мұны дәл қазір жасаңыз.

# денсаулық

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған