МӘМС: жүйеде болмауыңыздың алты себебі

69 қаралу саны

Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот  «сақтандырылмаған» деп  көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз.

Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды.

Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды.  

Не істеу керек? Алдымен айларға бөлінген өз төлемдеріңіздің үзіндісін алу қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, АҚС шарты бойынша қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  8 айға жарналар төленуі керек.  Егер сіз жалдамалы жұмысшы болсаңыз, соңғы 12 айда аударымдар болуы қажет. Егер бір немесе бірнеше ай ішінде аударымдар болмаса, төлем жасалмаған ай үшін төлеу керек немесе жұмыс берушіңізге барып, бар қарызды өтеуді сұрау керек. Естеріңізге сала кетейік, жарналарды уақтылы төлемейтін ЖК мен жұмыс берушілер үшін әрбір мерзімі өткен күн үшін, төлем күнін қоса алғанда, берешек сомасының 1,25% мөлшерінде айыппұлдар мен өсімпұлдар қарастырылған. Егер жарналар мен аударымдар бойынша олқылықтар болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1406 нөмірі бойынша хабарласу немесе телеграмм боттасұрау қалдыру қажет. Сіздің өтінішіңіз жеке қаралады. 

Екінші себеп. 42,5 мың теңге біржолғы көмек төлеуге байланысты қазақстандықтардың көпшілігі сәуір-мамыр айларында бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастады, осылайша өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санатына жатқызылды. Айта кетейік, 2 626 теңгенің тек 40% – ы немесе 1,1 мың теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмсалады, қалғандары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры( МӘСҚ), зейнетақы қоры мен салық төлемі арасында бөлінеді.

БЖТ міндетті төлемдермен, оның ішінде бюджетке байланысты төрт мәселені бірден шешсе де, көптеген адамдар оны төлеуді жалғастырмауды жөн көрді. Сонымен бірге, «бір реттік» төлеушілердің көпшілігі бұл төлем оларға алдын-ала бір жыл үшін сақтандыру мәртебесін беретініне сенімді. Бұл олай емес. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын және тұрақты, үзіліссіз төлеу қажет. Егер сіз осы сегіз ай ішінде тек бір рет немесе екі рет төлесеңіз, оны Қор қарыз ретінде қарастырады.

Не істеу керек? Алдыңғы айлар үшін жарналарды төлеу жүргізілетін кезеңді көрсете отырып, дербес төлеуші ретінде 2125 теңге мөлшерінде жеке төлемдермен төлеу қажет. Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына қолма-қол ақшамен де, банктік аударым арқылы да екінші деңгейдегі банктердің немесе «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы, сондай-ақ Qiwi және Kassa 24 терминалдары, Халық банкінің терминалдары және Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей аласыз. ЕДБ кассалары арқылы төлеу үшін деректемелерді ӘМСҚ www.fms.kz. сайтынан білуге болады.

Үшінші себеп. Карантиндік шараларға байланысты жұмыс беруші қызметкерлерді жалақысыз демалысқа уақытша босату туралы шешім қабылдады, сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды тоқтатты. Айтар болсақ, бүгінгі күні шамамен 4,5 миллион адам жарналарды өз бетінше төлемейді, олар үшін жұмыс беруші жасайды. 

Не істеу керек? Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірден бастап ірі бизнес өз қызметкерлері үшін 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін 29 қызмет бағыты бойынша аударымдар төлеуден толық босатылды. Осы кәсіпорындардың қызметкерлері олар үшін аударымдар түскеніне немесе түспегеніне қарамастан, осы кезеңге дейін сақтандырылған болып саналады.

Егер сіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылған компанияда 1 қазанға дейін жұмыс жасасаңыз да, өзіңіздің сақтандырылушы мәртебеңіз жоқтығын білсеңіз, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеп алуыңыз керек, «ШОБ қызметкерлері үшін» қосымша бетін ашып, ұйымыңыздың БСН көрсетіңіз,  лауазымға тағайындау туралы бұйрықты жүктеп, сұраныс жіберіңіз. Ол 30 минут ішінде өңделеді. Егер МКК деректері бойынша БСН МӘМС төлеуден босатылғандар тізіміне енсе, онда азаматқа 1 күнтізбелік айға сақтандырылған мәртебесі беріледі. Осы уақыт ішінде оның жұмыс берушісі тізімді жаңартуы керек. Ол үшін сіз Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтына кіріп, арнайы сілтемені немесе www.msb.fms.kz сілтемесін қарап, ЭЦҚ қолдана отырып, өз қызметкерлеріңіздің деректерін жүктеуіңіз қажет. Атап айтқанда, тізімдерді ай сайын жаңартып отыру керек.

Төртінші себеп. Сіз жұмыссыз қалдыңыз және МӘМС үшін жарна төлеуге еш мүмкіндігіңіз жоқ.

Не істеу керек? Естеріңізге сала кетейік, мемлекет МӘМС жүйесінің негізгі қағидатын ұстанады, бұл ынтымақтастық болып табылады және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан 11 миллион азаматқа аударымдар жасайды. Бұл азаматтардың 15 жеңілдік санаты, оның ішінде балалар, студенттер, көп балалы аналар, жүкті әйелдер және жұмыссыздар. Сондықтан, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз және қазіргі уақытта ӘМСҚ-ға жарна төлей алмасаңыз, жергілікті атқарушы органның жанындағы жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелуіңіз керек. Сіздің мәртебеңіз келесі айдан бастап автоматты түрде «сақтандырылған» болып өзгереді.  

Бесінші себеп. Сіз азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының біріне жатасыз, бірақ бұл туралы білмейсіз. Сіз біраз уақыт жарналар төлейсіз, содан кейін объективті себептермен тоқтатасыз. Мемлекет сіз үшін жарналарды төлей алмайды, өйткені сіздің мәртебеңіз автоматты түрде тәуелсіз төлеуші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып өзгерді.

Не істеу керек? Сіз өзіңіздің медициналық ұйымыңыздың Пациентті қолдау қызметіне жүгінуіңіз керек, онда қызметкерлер әр жағдайда маршрутты жеке түсіндіреді. Сондай-ақ, Qoldau 24 \ 7 мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға, 1406 медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына немесе өз өңіріңіздегі  Қордың  филиалына қоңырау шалуға болады.

Алтыншы себеп. Жарналар мен аударымдарды төлеу кезінде қате көрсетілген деректер, не жеткіліксіз сома.

Не істеу керек? Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласып, төлем туралы түбіртек ұсынуыңыз керек. Содан кейін қаражатты қайтаруға өтініш жазыңыз және қарызға рұқсат берілген айлар үшін жарналарды қайта төлеңіз.

Арнайы «Қолдасу.кз» үшін

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған