МӘМС туралы 10 факт

МӘМС туралы 10 факт
28  935 қаралу саны

Біз  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін 2017 жылы, яғни, әлемдегі басқа елдерге қарағанда оншақты жылдан кейін енгізгеніміз бір жағынан сәттілік болды деп айтуға болады. Өйткені, бұл бізге әлемдік тәжірибені зерделеуге және одан біздің жағдайымызға ең қолайлы компоненттерді таңдап алуға мүмкіндік берді. Осыған орай, біз осы модельдің қоғам үшін маңыздылығын көрсететін МӘМС төңірегіндегі 10 қызықты фактіні жинақтадық:

1. Дүниежүзілік тәжірибеде денсаулық сақтаудың кең тараған жүйесі мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкердің міндетті ынтымақтасқан жарналары есебінен қаржыландырылатын медициналық сақтандырудың әлеуметтік моделі болып табылады.

2. Жалақы қорынан аударымның ең жоғары мөлшерінің бірі: 14,1 пайызды Германия жұмыс берушілері  төлейді.

3. Жеке медициналық сақтандырудың ең үлкен компоненті Америка Құрама Штаттарында. Олардың 58 пайызы жұмыс берушілерден жеке  сақтандыру  алады.

4. Жапониядағы сақтандыру медицинасы ең дамыған болып саналады. Медицинаның арқасында Жапония орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орында (ер адамдар – 79 жас, әйелдер – 86 жас).

5. Медициналық сақтандырудың ең алғашқы түрі Германияда канцлер Бисмарктың тұсында енгізілген. 1883 жылғы заңдардың бірі «Ауыру жағдайына байланысты жұмысшыларды сақтандыру туралы заң» деп аталды.

6. Кеңес заманында медициналық сақтандырудың қажеті болған жоқ, өйткені жалпыхалықтық тегін медициналық көмек жүзеге асырылған еді.

7. Сақтандырудың британдық моделі мемлекеттің сақтандыруға қатысуының үлкен үлесін қамтамасыз етеді, осыдан келіп мұнда сақтандыру түрі «мемлекет басымдылығы» деп аталады.

8. Қазақстанда тұңғыш рет медициналық сақтандырудың жалпыхалықтық үлгісі 1996 жылы енгізілді, бірақ көп ұзамай толыққанды ойластырылмағандықтан және жергілікті жерлерде орындалмағандықтан тоқтатылды.

9. Ресейде 19 ғасырдың ортасына қарай денсаулық сақтау қорына  міндетті жарналар енгізіле бастады.

10. Қазақстанмен бір уақытта дерлік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украинада дәрігерлердің «отбасылық» профилактикасы мен тәжірибесіне баса назар аударыла отырып, медициналық реформа басталды.

Фото дереккөзі: sputniknews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған