МӘМС: сақтандырылмағандар коронавирус пен пневмониямен ауырса, тегін емделе ала ма?

69 қаралу саны

Covid-19 науқастарын емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді, өйткені коронавирус – жұқпалы ауру. Адам сақтандырылған ба, жоқ па, коронавирустық инфекцияның белгілері бар кез-келген науқасқа емханадан бастап ауруханада емделуге дейін көмек көрсетіледі. Дәл сол сияқты, теріс ПТР сынағы бола тұрып, пневмониямен сырқаттансаңыз тегін медициналық көмек ала аласыз. Пневмония коронавирустың ықтимал жағдайын білдіреді. Тиісінше, емдеу сіз сақтандырылғаныңызға немесе сақтандырылмағаныңызға қарамастан жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған