МӘМС пакетінде КДК бойынша тері-венерологиялық диспансерлер: кімге және қалай көмек көрсетіледі?

Фото дереккөзі: Adobe Stock
71 қаралу саны

Тері-венерологиялық диспансерлер көрсететін ақысыз медициналық қызметтер тізімі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізумен едәуір кеңейді. Тегін зертханалық зерттеулерге жолдама алу үшін сіз дерматовенерологпен кеңесіп, тиісті көрсетілімдерге ие болуыңыз керек.

Сақтандырылған азаматтар МӘМС пакетінің аясында қандай анализдерді тегін тапсыра алады?

  • Биологиялық материалды зерттеу:патогендік саңырауқұлақтар, демодикоз, микоплазмоз, гонорея, кандидоз, хламидиоз, гарнереллез, трихомониаз, уреаплазмоз, анаэробтар, бозғылт трепонема – мерездің қоздырғышы, герпес вирусы, цитомегалловирус, адам папилломасы вирусы, Эпштейн-Барра вирустарына (ВПГ-IV).
  • Қойылым:Вассерман реакциясы жәнебозғылт трепонема антигені бар РПГА.
  • Сонымен бірге жалпы иммуноглобулин, лупустық антикоагулянт (LA1/LA2), таңдалған дақылдардың микробқа қарсы әсеріне сезімталдық және аллергендер/дәрілермен тері тестілері анықталады.

Қосымша ақпарат алу үшін Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне хабарласуға болады.

Фото дереккөзі: Adobe Stock

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған