МӘМС: Егер босатылған адам сақтандырылған адамдар тізіміне енбесе не істеу керек?

72 қаралу саны

Егер сіз МӘМС жарналарын төлеуден босатылған кәсіпорында жұмыс істеп жүргеніңізге қарамастан, «сақтандырылған» мәртебеңіз жоқ екенін анықтасаңыз, qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Онда 1 қазанға дейін МӘМС жарналарынан босатылған ШОБ қызметкерлеріне арналған қосымша парақ бар. Сол парақшаға кіріп, жұмыс істейтін ұйымыңыздың БСН-ін көрсетіп, жұмысқа қабылданғандығыңыз туралы бұйрықты жүктеп, сауал жіберу қажет.

30 минут ішінде Қор қызметкерлері сұранысты өңдейді.

Егер мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша БСН МӘМС жарнасын төлеуден босатылған тізімге енсе, онда сізге бір айға сақтандырылған статус беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған