МӘМС үшін төлемнің жеңілдік кезеңі ұзартылды

133 қаралу саны

Ірі бизнестің 10 санаты – 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнестің 29 санаты – 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды.

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 Қаулысына сәйкес кәсіпкерлер аталған кезеңде жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдар жасамайды және осы аралықта оларда берешек болмайды. Ал кәсіпорындардың қызметкерлерінде сақтандыру мәртебесі сақталады. Нөлдік ставкамен салықтық есеп тапсырған жағдайда, кәсіп иесіне жарна төлемегені үшін өсімақы мен айыппұл да салынбайды. Ұлттық экономика министрлігінің болжамдық есептері бойынша, 923 мың адам төлемнен босатылды.

Сондай-ақ, эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін үстемақыдан да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна ұсталмайды.

Жеке кәсіпкерлер МӘМС үшін жарналарды енді қалай төлейді?

Егер ЖК-дің жалдамалы қызметкерлері болса және олардың қызметі ірі, шағын және орта бизнес санатының біріне жататын болса, олар тиісті белгіленген кезеңге дейін аударымдарды төлеуден толығымен босатылады.

Өзге жағдайда, жеке кәсіпкер 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде өзі үшін ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға міндетті, бұл 2020 жылы 2 975 теңгені құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған