МӘМС: Қазақстандықтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

62 қаралу саны

1 шілдеден бастап қазақстандықтар екі санатқа бөлінді:

  • МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар;
  • МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар.

Бірінші санат медициналық көмектің толық пакетін қолдана алады:

  • консультациялық-диагностикалық көмек, оның ішінде білікті мамандардың қабылдауы;
  • амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • стационарды алмастыратын көмек;
  • жоспарлы стационарлық көмек, оның ішінде қымбат тұратын операциялар;
  • диагностикалық қызметтер;
  • оңалту және қалпына келтіру емі.

Екінші санат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) ғана жүгіне алады:

  • жедел жәрдем және санитарлық авиация;
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
  • шұғыл стационарлық көмек;
  • паллиативтік көмек;
  • әлеуметтік маңызы бар және кейбір созылмалы аурулар кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.

«Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі» деп хабарлады Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған