КТ мен МРТ қазақстандықтар үшін МӘМС арқасында 2020 жылдан бастап тегін болды

118 қаралу саны

1895 жылы рентген сәулелерінің ашылуы алғаш рет кесусіз адам денесінің ішін көруге мүмкіндік берді. ХХ ғасырдың басында рентгендік тексерудің ақпараттылығын жақсарту талпыныстары томографияны сканерлеу технологиясын жасауға әкелді.

КТ алғашқы аппараттары 1970 жылдары пайда болды. Компьютерлер мен бағдарламалық қамсыздандырудың дамуы әртүрлі бұрыштарда орындалған бірнеше рентген суреттерін бірыңғай суретке біріктіруге мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы КТ секундына рентгендік сәулелердің мыңдаған өлшеулерін орындайды, ал алынған деректер сандық өңдеуден кейін үш өлшемді көрініске айналады.

Сонымен қатар, 1970 жылдары магнитті-резонанстық томография да (МРТ) дами бастады.

Бірінші МРТ-аппараттағы кеуде қуысын зерттеу 5 сағатқа созылды!

КТ-дан айырмашылығы бұл әдіс емделушінің сәулеленуімен бірге жүргізілмейді. МРТ аппараты шын мәнінде үлкен цилиндрлік магнит болып табылады. Бұл әдіс жоғары кернеулі магнит өрісінің әсерімен сутегі атомдары ядроларының электромагниттік сигналын өлшеуге негізделген. Қазіргі томографтар әлдеқайда жедел жұмыс істейді және сапалы бейнелер береді. Компьютерлік томография және магниттік-резонанстық томография қазақстандықтар үшін міндетті медициналық сақтандырудың (МӘМС) арқасында 2020 жылдан бастап тегін болды.

Енді емделушілерге өзінің отбасылық дәрігерінен зерттеуге жолдама алу жеткілікті және де әлбетте оған медициналық көрсеткіштер болуы тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған