Коронавирустан жазылғандар қалай күтінуі керек?

50 қаралу саны

Жоғары санатты невролог дәрігер Гүлназия Иденова коронавирустан жазылған науқастарға қандай алдын алу шараларын жасау керектігін түсіндірді:

Коронавирус инфекциясы ең алдымен қан жүйесіне соққы береді. Сондықтан қанның қоюлығына назар аудару керек. Коронавирус инфекциясының бактериофагы ішкі органдарды, ең алдымен өкпені зақымдайды. Сондықтан ковид пневмониясы кең таралып отыр. Сонымен бірге ол бүйрек пен жүрекке де әсер етеді. Коронавирустан кейін коагулограмма мен D-димер көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Бұл жағдайда қанның ұйып қалуының барлық параметрлерін қарастырған жөн. Осы параметрлер негізінде әрі қарай не істеу керектігін талқылаймыз.

Психикалық оңалту да өте маңызды. Коронавирус адамдардың психикасына қатты әсер етті. Оның салдарынан өте қатты невроз, депрессия және шексіз апатия туындауы мүмкін. Осы мәселеге де айрықша назар аударғым келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған