Коронавирустан үйінде емделген пациенттер дәрі-дәрмектің қандай түрлерін түрін тегін алады?

21 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясы бойынша үйінде емделіп жатқан пациенттер тегін ала алатын дәрі-дәрмек түрлерін атады.

«COVID-19 – жаңа коронавирус инфекциясы бірнеше айдың ішінде біздің өмірімізді түбірімен өзгертіп жіберді. Өз-өзімізді оқшаулауға, тазалық ережелерін қатаң сақтауға үйрендік. Өзіміздің бойымыздағы ауру белгілеріне жіті мән беріп, қашықтықты сақтап, ауру белгісі жоқ болған жағдайда да өзге біреуді жұқтырып алуымыз мүмкін екенін сезініп, басқа адамдар алдындағы жауапкершілікке түйсіне бастадық» деп жазады бүгін, 29 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Facebook парақшасында.

Вице-министр сондай-ақ азаматтар өз денсаулығына баса мән бере бастағанын жеткізді. Себебі аурудың қалай өтетінін дөп басып болжау қиын. «Ауру көбінесе жеңіл және орташа жағдайда өткенімен аурудың жеңіл өтіп, күрделі жағдай болып кетпеуі үшін ағзаны медикаментозбен қолдап отыру керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сапа мен медициналық қызмет бойынша біріккен комиссиясы КВИ-ды диагностикалау мен емдеу хаттамасына ауруды амбулаториялық деңгейде өткеретін пациенттер үшін 5 препарат енгізді.

Бұл қабынуға қарсы препараттар – Парацетамол мен Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан мен Дабигатран секілді антикоагулянттар» дейді ол.

Азаматтар амбулаториялық деңгейде бұл препаратты тегін алуы үшін бірқатар нормативті құжатқа өзгерістер енгізілген. Аталмыш препараттар амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне, (ҚР ДСМ №666 бұйрығы), Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттардың тізіміне кірген.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан емдеу үшін түпнұсқадағы Байер (Ривароксабан) компаниясының Ксарелто, Пфайзер (Апиксабан) компаниясының Эликвис, Берингер Ингельхайм (Дабигатран) компаниясының Прадакс антикоагулянтын сатып алу бойынша өндірушімен келісссөздер жүргізілуде» деп хабарлайды Людмила Бюрабекова.

Өңірлердің бәрі де бұл күнде осы препаратты алу үшін өтінім беріп қойған. Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор сатып алу процедурасын жүргізуде. 10 күннен кейін препараттар амбулаториялық деңгейде КВИ-дан емделіп жатқан пациенттер үшін қолжетімді болады.

Людмила Бюрабекованың айтуынша, науқастар бұл препараттарды тұрғылықты жерде тіркелген емханасынан коронавирус инфекциясы расталған жағдайда және тек дәрігердің тағайындауымен ала алады.

«Егер пациентке аталған препараттардың берілмейтіні хабарланса, олар Бірыңғай дистрибьютордың 1439 байланыс орталығына хабарласа алады. Операторлар мәселенің байыбына барып, дәрі-дәрмекпен қамту шаруасын шешіп береді» дейді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін, коронавирустан үйден емделу хаттамасына бес тегін дәрі енгізілген еді.

Сондай-ақ, EGovMobile қосымшасы арқылы енді амбулаториялық емдеу кезінде қандай дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін алуға болатыны хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған