Коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның ағзасында иммунитет қалыптаса ма?

50 қаралу саны

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова жауап берді: «Коронавирусқа қарсы мығым иммунитет бар ма, әлде бұл уақытша ғана иммунитет пе?» деген сұрақ төңірегінде қазір әлемдік қауымдастық түрлі пікірталас өткізіп жатыр. Бұл мәселе қазір зерттелу үстінде. Бірақ кейінгі шолу материалдарының бірінде COVID-инфекциясынан кейін жақсы иммунитет қалыптасатыны жайлы ақпарат болды. Тіпті, одан бұрын COVID-инфекция қаншалықты ағзаға ауыр болса, соншалықты мығым иммунитет қалыптасады деген де тұжырым болған. Бірақ бұл сұрақтың жауабы келешектің еншісінде деп айтар едім».

Оның айтуынша, бұған дейін коронавирусты қайтадан жұқтырудың бір ғана жағдайы тіркелген. Алайда, қайта жұққаны – вирустың басқа штамы болған. «Бұл – Сингапурдан келген хабарлама. Бұл пациент екінші инфекцияны – COVID вирусының басқа штамын жеңіл өткерген» деді дәрігер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған