Коронавирус кезінде қалай үрейге берілмеу керек?

37 қаралу саны

Жарты жылға созылған коронавирус пандемиясы көпшіліктің психологиясына жайсыз әсер етті. Ақпарат ағыны жылдам заманда вирус туралы сан түрлі алыпқашпа жаңалық адамдардың көңілінде үрей мен қорқыныш туғызды. Адамды қорқышын билегенде оған қалай бой алдырмауға болатынын Алматыдағы Реновация оңалту орталығының бас психологі, Қазақстан Арт терапевтер қауымдастығының мүшесі Майя Мерқұлова айтты.

-Пандемия адам психологиясына қалай әсер етті?

-Кез-келген үрей негавтиті әсер қалады. Егер адам ауру жұқтырып аламын деп қорықса, адамның ағзасы жалған симптом сезінуі мүмкін. Екі түрлі санаттағы адамдарға қауіп төнеді. Біреулер вирус жұқтырып аламын деген қорқыныштан дәріханадағы дәрі-дәрмекті алдын ала сатып алады. Шамадан тыс артық дәрі ішеді. Екінші санаттағы азаматтар вирус жұқтырмайтынына сенімді болып, карантин талаптарын сақтамайды. Сондықтан, жұқтыру қаупі жоғары болады. Жұқтырған жағдайда эмоциясын ұстай алатын, психогигиена дағдысын меңгерген адамдар ауырса да жеңіл шығады. Коронавирус адамдарды жаппай қиын психологиялық халге әкелді. Біреулер жұмысынан айырылды, біреулер ішімдікке салынды. Өзін-өзі оқшаулау, адамдармен қатынасты үзу біздің әдеттегі өмірімізге көп өзгеріс әкелді. Халық арасында мизофобия (обсессивті-компульсивті ауытқушылық) туындады. Микробтан қорыққан кейбіреулер жұқтырамын деген қорқыныштан әсіретазалыққа көшті. Ал кей адамдарға керісінше бұл жағдай эйфорияға әкеледі. Шектеу алынған соң ол осыған дейін құр қалған ләззатына қол жеткізуге тырысады. Бұл үрейден де қауіпті жағдай болуы мүмкін.

-Жалғызбасты адамдарға итальян психологінің кеңесі бар еді. Егер сіз оқшаулау кезінде өзіңізбен өзіңіз сөйлессеңіз, ештеңе етпейді. Егер қабырғалар сізге жауап беріп жатса, онда бірден психологке барыңыз деген. Сіз қандай кеңес берер едіңіз?

-Әр адамда жағдай әртүрлі болады. Біреу бұрышқа тығылады. Біреу агрессивті бола бастайды. Ең алдымен қай жағдайда да өмірдің экстремалды логикасы қазір шынайы болып жатқан нәрсе екенін мойындау керек. Ыңғайына төселе білуге тырысыңыз. Қорқыныштан арылу үшін миды тыныштандыратын іспен айналысқаныңыз дұрыс. Йога, медитация жақсы көмектеседі. Досыңызбен сөйлесіп, онлайн форматта психологпен тілдесіңіз. 5 минут терең демалып, жылы душ қабылдау дұрыс.

-Өзін өзі оқшаулаудың тиімді жақтары да болды ма?

-Осы уақытта жергілікті экологтердің көптен қол жеткізе алмай келе жатқан арманы – қаланың ауасы тазарды. Отбасы мен балаларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік пайда болды. Көптеген талдауға сәйкес жақындары бар, отбасылы адамдар стреске көп берілмеген. Қашықтан жұмыс істеу форматына көшкен соң адамдардың көпшілігі интернеттің басқа да мүмкіндігін игере бастады. Спортпен айналысу, онлайн білім алудеген сияқты. Кей адамдар өмірлік құндылықты қайта екшеді десек болады. Адамға ең керегі – қарым-қатынас екенін түсіндік. Бірге кофе ішудің өзі бір бақыт екеніне көз жеткіздік.

-Карантин кезінде адамдар 24 сағат бойы үйде отырды. Мамандардың пікірінше, осы уақытта тұрмыстық, отбасы жанжалы, зорлық-зомбылық көбейген.

-Экономикалық ахуалдың төмендеуі, алда не болатынын бажайлап біле алмау адамның эмоциялық күйзелісін арттырды, отбасылық кикілжіңдерге әкелді. Әдеттегі өмірдің режимінен жаңылғандықтан адамдар ішкі агрессиясынан арыла алмай қалды. Кейбір отбасыларда әдетте бұған дейін ұнатпайтын тірлік керісінше пайдасын тигізді. Мәселен балық аулау. Клиенттерімнің кейбіріне боксқа баруға кеңес бердім. Әлеуметтік жағдайдың шиеленісуінен көптеген отбасыда ішімдікке салыну басталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған