ӘМС Қоры: Бірінші мәселе – Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер жалақысына қанша үстемеақы қосылды?

Фото дереккөзі: Otyrar.kz ӘМС Қоры: Бірінші мәселе – Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер жалақысына қанша үстемеақы қосылды?
149 қаралу саны

«Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, аталмыш қордың Қазақстандағы төтенше жағдай мен коронавирусқа карантин кезінде атқарып жатқан жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталып, індетпен күпестің алғы шебінде жүрген дәрігерлерге үстеме ақы мен сыйақы беру мәселелеріне тоқталды. Біз бүгін брифинг мәтінін қағазға түсіріп, қор басшысы айтқан үш мәселеге айрықша тоқталғанды жөн көрдік. Сонымен, бірінші мәселе – Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер  жалақысына қанша үстемеақы қосылды?

«Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов: Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге үш санат бойынша жалақысына үстемеақы қосылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген. Осыған орай мемлекеттік комиссияның отырысында арнайы шешім қабылданды.


Арзан және сапалы болса…


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz

Аталған шешімге сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші топ – бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда жұқпалы аурулар станционарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Олардың жалақысына үстемеақы айына 20 ең төменгі жалақыны құрайды. Екінші топ – провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметтерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Олардың үстемақысы айына 10 ең төменгі жалақыны құрайды. Үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары кіреді.  Олар айына 5 ең төменгі жалақы көлемінде үстемеақы алады.

Фото дереккөзі: Otyrar.kz

ӘМС Қоры:

Екінші мәселе – дәрігерлерге үстемеақы беруге қанша қаражат бөлінді?

ӘМС Қоры:

Үшінші мәселе – медицина мамандарына үстемеақы мен сыйақы беру жөніндегі комиссиялар қалай жұмыс істейді?

Фото дереккөзі: Bark.rk

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған