Коронавирус: әлемнің дамуы 20 жылға кері кетті

23 қаралу саны

Covid-19 пандемиясы әлемнің дамуын 20 жылға кешеуілдетті деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Агенттік жариялаған ақпараттарға қарағанда, әлем тағы бір жаңа вирус пандемиясына мүлдем дайын емес. Бұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік банк өкілдері мәлімдеп отыр.

Бірақ, оған қоса, жақсы жаңалық та бар: Калифорнияда Covid-19 вирусына қарсы қолданылатын жасанды ақуыз молекуласы синтезделді.

«Әлемде Covid-19 коронавирусын жұқтырған адамдардың саны 30 миллионға жақындады. Пандемия басталғаннан бері, одан қайтыс болғандардың саны – 929 мың адамды құрады. 30 миллионға жуық адам сауығып шықты» деп хабарлады Джонс Хопкинс университеті.

Covid-19 пандемиясы әлемнің дамуын кері бұрып жіберді. Сарапшылар қазір осы мәселені талқыға салып жатыр. Яғни олар өркениет қанша жылға кері кетті деген мәселеге бас қатыруда.

Билл және Мелинда Гейтс қорының дүйсенбі күні шығарған жыл сайынғы баяндамасында 20 жыл туралы мәселе көтеріліп отыр.

Құжатта пандемияның бірнеше айы халықаралық ұйымдардың жылдар бойы атқарып, қол жеткізген жетістіктерін құрдымға жібергені айтылады. Қайыршылық жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың саны осы уақытта жеті пайызға өскен.

Бұдан бөлек, басқа ауруларға қарсы вакцина егу жағдайы 1990 жылдардағы деңгейге түскен.

«Жағдайды бірлесіп ушықтыратын апаттар» – Сovid-19 пандемиясын мүмкіндігінше дәл сипаттайтын сөз. Әуелі вирус пайда болды, одан кейін үкімет онымен күрес жүргізу үшін ресурстарды қайта үлестіре бастады, одан кейін адамдар індет жұқтырып алу қорқынышымен дәрігерлерге барудан қалды. Осының барлығы денсаулық сақтау секторындағы толыққанды катастрофа элементтері» делінген баяндамада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған