Қазақстан жасөспірімдері өз денсаулығына қалай қарайды?

54  184 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы жөнінде (HBSC – Health Behavior in School-Aged Children) 110 республикалық мектепте сауалнама жүргізді. Жоба аясында 11 – 15 жас аралығындағы 6400-ге жуық респонденттен сауалнама алынды.

Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып Еуропаның 45 елімен және Канадамен бір мезгілде аталған сауалнамаға қатысты.

Баяндама көрсеткендей, қазақстандық жасөспірімдердің көпшілігі үшін отбасындағы, мектептегі, достарымен әлеуметтік қарым-қатынасты қолдау және денсаулықпен байланысты проблемалардың салыстырмалы түрде аздығы және жалпы денсаулық жағдайы жақсы. Отбасында, мектепте және құрдастарымен позитивті әлеуметтік байланыстар психикалық және физикалық денсаулықты нығайтуға ықпал етеді және қауіпті мінез-құлық жағдайларын азайтады. Дегенмен, кейбір үрдістер әлі де алаңдаушылық тудырады. Мысалы, қыздар, әсіресе бой жетіп келе жатқан жасөспірім қыздар өз денсаулықтарына мән бере бермейді.

Жаңа халықаралық баяндамаға сәйкес, Қазақстанда оқушылардың 57%-ы өз денсаулығын өте жақсы деп бағалайды. Денсаулығына қатысты өзін-өзі бағалау қыздарда 11 жаста 60% – дан 15 жаста 44% – ға дейін айтарлықтай төмендейді. Бұл көрсеткіш психикалық-әлеуметтік және мінез-құлық факторларымен өзара байланысты.

Еуропаның басқа 45 елінің және Канаданың жастарымен салыстырғанда, қазақстандық жасөспірімдер өз денсаулығын бағалау бойынша жоғарыда, елдердің алғашқы бестігінде тұр. Алайда қауіпті сексуалды мінез-құлық әлі де алаңдатушылық туғызады: 15 жасқа қарай әрбір жетінші бозбала (14%) және қыздардың әрбір 1%-ы жыныстық қарым-қатынасты бастайды. Жыныстық қарым-қатынасты бастайтындардың арасында әрбір бесінші бозбала (21%) қорғалмаған секспен айналысады.

Есепті ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы әр төрт жыл сайын жүргізіп тұратынын және іске асыратынын айта кету керек.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған