Карантинді жеңілдету – қауіпсіздік шараларды ұмытуға себеп емес

63 қаралу саны

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева елдегі карантинді жеңілдету қауіпсіздік шараларды ұмытуға себеп емес екенін еске салады.

«Көпшілік қатаң карантин аяқталысымен, сауда-ойын-сауық орталықтарына, дүкендерге, сұлулық салондарына ағылады. Алайда карантин режимін ешуақытта естен шығаруға болмайды. Әлеуметтік қашықтық, кемінде 1,5-2 метр, қолды кемінде 20 секунд жиі жуу, санитайзермен өңдеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маска киюді естен шығармағанымыз жөн» деді Жазира Ембердиева

Бұған қоса маман күзгі-қысқы эпидмаусымға дайын болу керектігін айтты. «Иммунитетті нығайтып, салауатты өмір салтын ұстанып, витаминдер қабылдау қажет. Келе жатқан күзгі-қысқы эпидемиологиялық маусымға байланысты COVID-19 асқындыруы мүмкін жедел респираторлық аурулар мен тұмауды ескере отырып, қазан айында маусымдық тұмауға қарсы егуден өткен жөн. Бұл жөнінде тұрғылықты жердегі емханалардан толық кеңес алуға болады» деді Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған