«Карантин кезіндегі МӘМС» онлайн-конференциясының қазақ тіліндегі ықшамдалған аудармасы

Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты
167 қаралу саны

Арманжан Байтасовтың Инстаграмдағы парақшасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловпен тікелей эфир өткен болатын. Спикер оқырмандардың карантин кезіндегі емделуіне, төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істейтін дәрігерлерге берілетін жәрдемақыға және басқа да маңызды тақырыптағы сұрақтарға жауап берді.

Қазақстанда әлеуметтік міндетті медициналық сақтандырудың жаңа моделінің толығымен іске қосылуы коронавирус пандемиясының шыңымен қатар келді. Соңғы 4 айда қазақстандықтар, әсіресе карантин кезеңінде МӘМС жүйесінде емдеу және ақы төлеу туралы көптеген сұрақтар қойды. Бейнебаянды мына жерден көре аласыздар:

Арманжан Байтасов: Сәлеметсіз бе, достар! Бүгін, 28 сәуірде сағат 11-де сіздерге алдын ала уәде бергеніміздей, біздің парақшамызда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың қатысуымен тікелей эфир өтеді.
Әзірше көрермендер қауымы жиналғанша біз де Айбатырдың тікелей эфирге қосылуын күтетін боламыз. Алдын ала хабарлауымызға байланысты менің парақшама және басқа желілер арқылы көптеген сұрақтар келіп түсті. Тіпті кейбіреулер ватсааптағы жекеме де сұрақтар жіберіпті.


Арзан және сапалы болса…


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz


Сұрақтар өте көп. Бізге берілген бір сағат ішінде оларға толық жауап беріп шығу үшін қиындау. Үлгергенімізше көреміз.
Қайырлы күн, Айбатыр!
Айбатыр Жұмағұлов: Қайырлы күн, Арманжан!
Арманжан Байтасов: Көргенімізге қуаныштымын. Карантинге байланысты бір бірімізді көре алмай жүргеніміз рас. Сізді көптен бері көрмедім. Біріншіден, Сізді жаңа қызметке тағайныдалуыңызбен құттықтаймын. Бұл – өте жауапты жұмыс.
Шынында да Қордың жұмысына көп нәрсе тәуелді. Әрине, азаматтардан көптеген сұрақтар келіп жатыр. Тікелей эфир дер кезінде өткізіліп отыр. Оның мақсаты өте жоғары. Оның үстіне коронавирус жағдайында. Сондықтан да біздің тікелей эфирімізге қатысуға және бес күннің ішінде біздің жинаған сұрақтарымызға жауап беруге келіскеніңіз үшін көп рахмет.
Айбатыр Жұмағұлов: Сізге де рахмет. Қордың жұмысына және коронавирусқа байланысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы барлық адамдарды толғандыратыны сөзсіз. Барлық сұрақтарға толық жауап беруге тырысамыз.


ӘМС Қоры:

Бірінші мәселе – Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер жалақысына қанша үстемеақы қосылды?

Фото дереккөзі: Otyrar.kz ӘМС Қоры: Бірінші мәселе – Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер жалақысына қанша үстемеақы қосылды?

Қазақстанда әлеуметтік міндетті медициналық сақтандырудың жаңа моделінің толығымен іске қосылуы коронавирус пандемиясының шыңымен қатар келді. Соңғы 4 айда қазақстандықтар, әсіресе карантин кезеңінде МӘМС жүйесінде емдеу және ақы төлеу туралы көптеген сұрақтар қойды.
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы пациенттермен берік кері байланыс орнату үшін шағымдар мен сұрақтарды қабылдаудың дәстүрлі арналарын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі электронды байланыстарды да қолданады.
Арманжан Байтасов: Елу шақты сұрақ келді. Оны бес топқа бөлуге болады.

  1. Коронавирустық инфекцияның жалпы жағдайы және КВИ-мен күресетін дәрігерлерді қаржыландыру мәселелері.
  2. Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме ақыларды белгілеу мен оның мөлшерінің ережесі.
  3. Төтенше жағдайлар кезіндегі МӘМС жүйесіне салымдар мен аударымдар.
  4. Карантин жағдайында медициналық көмек көрсету.
  5. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі туралы.
    Негізінде бүгін осы сұрақтар төңірегінде әңгімелесетін боламыз.
    Бірақ мен ең алдымен мына сұраққа жауап алғым келіп еді: Қордың мақсаты мен оның құрылуының мәні туралы айта кетсеңіз. Жалпы картинаны білу үшін толығырақ сөз етсеңіз.
    Айбатыр Жұмағұлов: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушының ролін орындайды. Бұл еліміздегі медициналық реформа болып табылады. Қор 2017 жылдың ортасынан бастап жұмыс істеуде. Сол уақыттан бергі кезеңде екі жылдан астам уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылды.
    Арманжан Байтасов: МӘМС үшін аударымдар мен жарналардан түскен ақша қайда кетеді?
    Айбатыр Жұмағұлов: Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттарда орналастырылған және оларды тек ғана келесі мақсаттарда пайдалануға болады:
  • МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу;
  • тізімін ҚР Үкіметі айқындайтын қаржылық құралдарға орналастыру;
  • артық төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды, басқа да қате есептелген қаражатты қайтару.

Арманжан Байтасов: Доллар бағамының өсуі және дәрі-дәрмек пен препараттарға бағаның өзгеруі туралы мәселеге ауыссақ?
Айбатыр Жұмағұлов:Шетелдік өндірілген дәрі-дәрмектерді сатып алу және шетелде емдеуді ұйымдастыру бабын айтуға болады (бүгінгі таңда біз тек балаларды жіберіп жатырмыз).
Келесі жылға шығыстарды жоспарлау кезінде Қор елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері және мемлекеттік бюджетте белгіленген валюта бағамының мөлшеріне қарай әрекет етеді. Қор өзінің барлық операцияларын ұлттық валютада жүзеге асырады және валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдарын пайдалана алмайды.


ӘМС Қоры:

Үшінші мәселе – медицина мамандарына үстемеақы мен сыйақы беру жөніндегі комиссиялар қалай жұмыс істейді?

Фото дереккөзі: Bark.rk


Шетелдік дәрі-дәрмектер бағасының орта есеппен 15%-ға қымбаттауына, теңгенің долларға шаққандағы өсуіне байланысты біз Қордың шығындары 27 млрд теңгені құрайтындығын анықтадық, бұл Қордың шығындар жоспарын түзету кезінде ескерілетін болады.
Ұлттық валютадағы өзгерістерді өтеу үшін бюджеттен қосымша 32 млрд. теңге қаражат бөлу және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті қаржыландыруды оңтайландыру мен басымдылық беру арқылы тарифтерді 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлғайту (медициналық ұйымдарға медициналық қызметтерді төлеу бойынша тариф, мұны тұрғындар үшін тариф деп түсінбеу керек) жоспарлануда.
Сондай-ақ амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін аванстық төлемдер мөлшерін 100% дейін және COVID-19 коронавирусының таралуын болғызбау және (немесе) COVID-19 коронавирусымен ауырғандарды емдеуге медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдарға ынталандыру мөлшерін төлеу үшін медициналық қызметтердің 50% дейін өсуі жүргізілді.
Арманжан Байтасов: Сәуір айында дәрігерлерге төленетін сыйақы өзгере ме? Тиісті тәуекел топтарына кірмейтін дәрігерлер бонустар ала ма?
Айбатыр Жұмағұлов: Сәуір айында сыйақылардың мөлшерін қарастыру жүргізілмейді.
Медицина қызметкерлеріне төленетін жәрдемақы мәселесі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін аймақтық комиссияларда шешіледі.
Комиссия COVID-19 коронавирусын жұқтыру қаупі бар тұлғалардың қосымша тізімін ұсынуға құқылы, оған кредиторлық берешек болмаған кезде медициналық ұйымның қаражаты есебінен сыйақы төленеді, қызметкерге ай сайынғы төлемдерді төлеу үшін Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынысы бойынша COVID-19 коронавирусымен күресу шеңберіндегі эпидемияға қарсы шаралар аясында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне есептелген сыйақылардың мөлшері туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына немесе бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ақпарат береді.
Арманжан Байтасов: Коронавирустық инфекциямен күресті қаржыландыру мәселесін айтсаңыз?
Айбатыр Жұмағұлов: Қор төтенше жағдайда және вирустың таралуын болдырмауға бағытталған алдын-алу шаралары жағдайында жұмыс жасауға тура келді.
Сонымен қатар COVID-19 бар науқастардың қазіргі статистикасы және ТҚСБК (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті) эпидемиологтарының қажырлы жұмысын да атап өткен жөн.
Коронавируспен күреске қатысатын барлық ұйымдарды қаржыландыру туралы сұраққа келсек, COVID-19 профилактикасына республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде: инфекциялық, уақытша және карантиндік ауруханаларда емделген жағдайларға 14,7 млрд. теңге, диагностикалық зерттеулерге 5,4 млрд, медициналық қызметкерлердің жалақысына төленетін сыйақы 35,8 млрд. теңге (21 877 адамға).
Наурызда осы сомадан 3,4 млрд. теңге 17,7 мың медицина қызметкеріне сыйлықақы төлеуге жіберілді.
КВИ-мен байланысты жұмыстарды төлеу үшін Қор тиісті қызметтерге тарифтер жасады:

  1. Ауруханаға карантинге жатқызу мөлшері – 10 413,96 теңге.
  2. Алдын ала ауруханаға жатқызу тарифі – 11 619,80 теңге.
    3.Тәулік бойы жұмыс істейтін аурухананың инфекциялық бөліміндегі емделушіге арналған тариф 15 113,34 теңгені құрайды.
  3. ПТР бойынша COVID-19 тестін өткізу – 11 499 теңге.
    Бұл тарифтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген.
    Арманжан Байтасов: Төтенше жағдай кезінде БЖТ төлеу қажеттілігі туралы мәселесіне тоқталсаңыз?
    Айбатыр Жұмағұлов: БЖТ төлеудің ерекшелігі – алдыңғы кезең үшін төлем жасау мүмкіндігіңіздің жоқтығы, яғни сәуір айында сіз наурыз айына төлей алмайсыз, мұндай жағдайда сіз МӘМС жүйесіне 2125 тг көлемінде тәуелсіз төлеуші ретінде төлей аласыз.
    Демек, егер қазір төлеушінің МӘМС жүйесінде төлеу мүмкіндігі болмаса, онда ол болашақта пайда болған қарызды тәуелсіз төлемдер арқылы өтей алады, бірақ төтенше жағдайға байланысты 1 шілдеге дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы болады.
    Төтенше жағдай кезінде МӘМС жүйесіне жарна төлеу мәселесі туралы жеке кәсіпкерлерден көптеген сұрақтар болды.
    Үкіметтің қызметкерлерге, шағын және орта бизнеске, оның ішінде жұмыс берушілерге МӘМС-ке аударымдар мен жарналар төлеуден босату туралы шешімін жарияланды және ол жеке кәсіпкерлер, экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.
    Бұл ретте жеке кәсіпкерлердің өзі өздерінің пайдасына жарналар төлеуге міндетті. Кәсіпкерлік қызметті тоқтата тұрған жағдайда олар жарналарды БЖТ арқылы немесе тәуелсіз төлеуші ретінде төлеуі керек (ең төменгі жалақының 5% немесе 2126 тг).
    Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер Үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес жарна төлеуді кейінге қалдыруды 1 маусымға дейін қолдана алады.
    Арманжан Байтасов: Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?
    Айбатыр Жұмағұлов: Тәулік бойғы стационардың жұқпалы аурулар бөлімшесінде коронавирустің емделген жағдайы үшін тариф 15 113, 34 теңге.
    Қордың шығындарының өсуі 27 млрд теңге құрауы мүмкін.
    Қор 2020 жылдың 1 шілдесінен медициналық ұйымдарға медициналық қызметтері үшін көтерілген тарифпен төлеуді қарастырды.
    Арманжан Байтасов: Иә, көп адамдарды қаржыландыру мәселесі қызықтыратыны сөзсіз.
    Айбатыр Жұмағұлов: Жалпы барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. 1406 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы да жауап беретін боламыз. Осы механизм арқылы хабарласуға болады. Қаржыландыру туралы да осы жерден білуге болады
    Арманжан Байтасов: Сұрақтарға жауап бергеніңіз үшін, ашықтығыңыз үшін рахмет. Тікелей эфирге қатысқаныңыз үшін көп рахмет. Жұмысыңызға табыс тілейміз.

Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған