Камалжан Надыров: Демалыс күндеріндегі карантин пациенттер ағынын азайтатынына үміттіміз

101 қаралу саны

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров демалыс күндеріндегі карантин пациенттер ағынын азайтатынына үмітті екенін айтты.

«Бүгінде қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Қалада бос орындар бар. Алайда, ауруханаларға түсіп жатқан аурулар өте көп. Осыған байланысты демалыс күндеріне жарияланған карантин шаралары пациенттер ағынын азайтарына сенімдіміз. Тұрғындарға жауапкершілікпен қарап, мамандардың айтқан талаптарын орындауға шақырамыз» деді басқарма басшысы Камалжан Надыров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған