Күзде балалардың иммунитетін қалай көтеруге болады?

25 қаралу саны

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жоғары санатты педиатры Әлия Амангелдиева балалардың иммунитетін күшейтудің негізгі жолдарын айтып берді:

Иммунитет – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды бөтен ағзалар мен инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Иммунитеттің екі түрі болады – туа біткен және жүре пайда болған. Туа біткен иммундық жүйе тұқым қуалайды. Ол бала дүниеге келген сәттен бастап белсенді болады. Ол теріден, тыныс алу, асқазан-ішек және зәр шығару жолдарынан тұратын шырышты қабықтан тұрады. Мұның бәрі сіздің балаңыздың ағзасын қорғауға көмектесетін физикалық кедергілерді тудырады. Ал, уақыт өте келе пайда болған иммундық жүйе адам ағзасын қорғау үшін жасушалар (антиденелер) қалыптастыру үшін туа біткен жүйені пайдаланады. Бұл антиденелерді В– лимфоциттері деп аталатын жасушалар жасайды. Жүре пайда болған иммундық жүйе өзгереді. Яғни,иммундық жүйеге зиянды аурулардан сақтайтын антидене қалыптастыруға жаттығады. Адам ағзасы иммундық жүйенің мықтылығынан түрлі ауруларды жеңіп шығады.

Ана сүті баланың иммунитетін көтереді. Бұл ғылыми дәлелденген. Сондықтан баланы бір жасқа дейін емізген абзал. Ана сүті ақуыздарға бай. Ал, ересек балаларға келетін болсақ, оларға гигиена ережелерін үйрету керек. Баланы таза ауаға жиі шығарып, күндіз бір уақыт ұйықтатып алған дұрыс. Мүмкіндігінше баланы сырттан тамақтандырмаған жөн. Ең бастысы, жиі ауырып қалмас үшін балаңыздың иммунитетін көтеру керек.

Қолды жиі жуу қажет.Ол түрлі вирустар мен бактериялардан қорғайды. Жеміс-жидек пен көкөністе көбірек пайдаланған жақсы.Балаға суық су бермеген дұрыс. Суып қалған тамақты міндетті түрде жылытып беру қажет.

Антибиотиктер – бұл медицинадағы маңызды жетістіктердің бірі және оны дұрыс қолданған кезде адам өмірін сақтайды. Сонымен қатар, антибиотиктер зиянды жанама әсерлерге де ие болуы мүмкін. Кейде иммундық жүйеге қарсы жұмыс істейді. Антибиотиктер бактерияларға әсер етеді, бірақ вирустарға емес. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау арқылы Сіз иммунитетіңізді әлсіретесіз.

Күнделікті тұтынып жүрген тағамдарда дәрумендер, минералдар және микроэлементтер бар. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан дәріханаларда сататын витаминдерді қабылдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Профилактикалық шара туралы айтатын болсақ, онда денсаулыққа пайдалы өнімдерді қабылдасақ болғаны.

Мысалы, жидектер антиоксиданттарға, дәрумендерге, минералдарға және амин қышқылдарына бай. Әсіресе балаларға пайдалы.Ол иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Майлы балықтарда бүкіл ағзаға арналған бірінші нөмірлі қабынуға қарсы құрал – омега-3 майлары бар. Онда Е дәрумені бар. Жұмыртқа – бұл ақуыздың керемет көзі және ағзаға кальцийді сіңіруге көмектесетін D дәрумені бар тағамдардың бірі. Сондай-ақ, жұмыртқа құрамында темір, А дәрумені және В тобындағы дәрумендердің көп мөлшері кездеседі.

Апельсин, киви, қызыл және сары бұрыш, қызылшада С дәрумені бар. Жалпы, қанық түсті жеміс-жидектер антиоксиданттарға бай. Олар микробтармен күреседі.

Витаминдер – бұл қарсы көрсеткіштері бар дәрі-дәрмектер. Олар көптеген жанама әсерлер тудыруы мүмкін, сондықтан оларды дәрігердің нұсқауымен ғана қолдану керек.

Кавасаки ауруы – себебі толық анықталмаған сирек кездесетін синдром. Негізінен 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, әрі қызуды тудырады. Ол бүкіл денедегі қан тамырлары қабынатын васкулиттердің бір түрі.

КВИ жұқтырған балаларда кездескен белгілер Кавасаки ауруының нақ өзі емес. Мұны Кавасаки ауруының симптомдары деуге болады. Яғни уақытша Covid-19 індетімен қабаттасқан мультижүйелік қабыну синдромы (МҚС). Бұл аурудың белгілері індеттің жеңіл және симптомсыз түріне шалдыққан балаларда байқала бастауда. Кавасакиге ұқсас синдромның нағыз Кавасаки синдромынан айырмашылығы – осы. Синдром дене қызуының көтерілуінен басталады, сол кезде жөтел, ентігу пайда болуы мүмкін. Нақты Кавасакидің ауруына ұқсас белгілердің бірі – бөртпе, тілдің, еріннің қызаруы, алақанның ісінуі. Сондықтан ауруды тым асқындырып алмауы үшін синдромның симптомдары байқалған сәттен бірден дәрігерге қаралу керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған