Күз келе жатыр. Ағзадағы кез-келген өзгеріс – бұл стресс

68 қаралу саны

Күз келгенде адам бойында белгілі бір өзгеріс байқалады, яғни ағза алдағы суық күндерге дайындалып жатыр деген сөз. Ал ағзадағы кез-келген өзгеріс – бұл стресс. Суық мезгілде, ең алдымен, мұрын қуысы аурулары және созылмалы бронхы асқынады. Созылмалы ауруы бар адамдарға тез суық тиеді және олар тұмау, ЖРВИ-ге бейім болады.

Тұмау мен ЖРВИ – вирустық инфекция. Вирустық инфекцияны өте сауатты емдеу қажет, дұрыс қолданылмаған дәрі-дәрмек денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Тұмаудың алдын алу үшін профилактикалық вакцина салдырған жөн.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда тиімді екенін ұмытпаңыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған