Иіс пен дәм сезбеу: қашан қалпына келеді?

25 қаралу саны

Дәм мен иіс сезбеу – коронавирустың басты белгілерінің бірі.  Әлсіздік пен қалтырау COVID-19-дың жиі кездесетін белгілері болса да, олар басқа жұқпалы ауруларда да болуы мүмкін. Ал иіс пен дәмнің жоғалуы – бұл тек COVID-19-ға ғана тән симптом.

Коронавирус адамның миына мұрынның иіс сезу рецепторлары арқылы еніп, сол арқылы орталық жүйке жүйесіне жететіні ғылыми тұрғыдан анықталған.

Ғалымдардың айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастардың шамамен 60%-ы иіс сезбейді. Коронавирустық инфекцяны жұқтырғандардың 90%-ның иіс пен дәм сезуі бір ай ішінде қалпына келеді.  Алайда, қазіргі пандемияның ауқымын ескере отырып, сарапшылар көптеген адамдар үшін бұл симптом ұзақ мерзімді болуы мүмкін деп ескертеді.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған