Халықтың салауатты өмір салтын ұстануын жетілдіру үшін

99 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында (ҚДСҰО) «Астана медицина университеті» КеАҚ (АМУ) өкілдерімен Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ДСДМБ) іске асыру мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Тараптар келесі бағыттарда ынтымақтастық жасауға ниет білдірді:

  • Бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру;
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарды, жоғарғы оқу орнынан кейін оқыған денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативті орталықтың базасында «АМУ» КеАҚ студенттерін өндірістік практикадан өткізу үшін ҚДСҰО базасын пайдалану.
  • ҚДСҰО қызметкерлерін дәріскер ретінде жұмысқа тарту.

Бұдан бөлек, халықтың салауатты өмір салтын ұстануын жетілдіру және денсаулық пайдасына таңдау жасау, сондай-ақ «Салауатты қалалар» және Жастар денсаулық орталықтары жобаларын, семіздіктің алдын алу жобасын, қоғамдық денсаулық сақтау саласының басқа да маңызды іс-шараларын іске асыру тұрғысында стандарттар мен СОП-тарды (стандартты оперативті процедуралар) бірлесе әзірлеу мақсатында АМУ және ҚДСҰО арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум мерзімін созу жөніндегі жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар, меморандум санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты және коронавирус инфекциясын зерттеу саласында бірлесе атқаратын жұмыстарға бағытталды.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған