Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

68 қаралу саны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы дәрілік заттардың бөлшек сауда нарығын қолдау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Оның ішінде, 11 ұшақ арқылы шет елдерден 9,2 млн-нан астам қаптама (50 атау) сұранысқа ие дәрілік заттар жеткізілді. Аталған препараттар Қазақстанның барлық облыстары арасында біркелкі бөлінді, жергілікті атқарушы органдар өңірлерге уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етті.

Бұдан басқа, әр облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері азаматтардың дәрі-дәрмектерге деген қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету үшін жергілікті тұрақтандыру қорларын ұйымдастырды. Қосымша, жергілікті бюджеттер қаржысына 10 млрд. теңгеден астам сомаға сұранысқа ие дәрілік заттарды сатып алу жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің аумағына дәрілік заттарды жеткізу рәсімін жеңілдетті. Атап айтқанда, рұқсат беру құжаттарын беру мерзімі 1 (бір) тәулікке дейін қысқартылды, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау (сертификаттау) тек декларациялау арқылы және өтінім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Ағымдағы жылғы 11 шілдеден бастап 12 тамыз аралығында Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 562 атауын әкелуге 610 рұқсат берді.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 12 тамыз аралығында Министрлік 8,0 млн. қаптамадан астам дәрілік заттардың 49 сауда атауына қауіпсіздігі мен сапасы туралы 392 қорытынды берді.

Бөлшек сауда желісі мен ауруханалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін отандық фармацевтикалық өндірушілер антибиотиктер өндірісінің айлық көлемін ұлғайтты. Мысалы, Азитромицинді өндіру айына 300 мың қаптамаға дейін жеткізілді, ал Левофлоксацин (500 мг) айына 100 мың қаптамаға дейінгі көлемде шығарылады.

Жалпы алғанда отандық өндірушілер ағымдағы жылдың шілде айында республика нарығына сұранысқа ие дәрілік заттардың 600 мыңнан астам қаптамасын жеткізді.

Бұдан басқа, дәрілік заттардың тапшылығы байқалған жағдайда бірыңғай дистрибьютор СК «Фармация» тарапынан дәрілік заттар нарығында интервенция жүргізілетін болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері күнделікті негізде сұранысқа ие дәрілік заттардың 21 атауы бойынша мониторингті жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта мониторинг қорытындысы бойынша еліміздің көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларында дәрілік заттар қорының тұрақты өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың шілде айымен салыстырғанда ыстықты түсіретін, антибиотиктердің, вирусқа қарсы препараттар мен антикоугулянттардың қоры 100%-дан астам өсті, ал кейбір позициялар бойынша өсім 5 еседен астамды құрайды. Атап айтқанда, парацетамол қоры 2,5 есе, цефтриаксон қоры 5 еседен астам өсті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның халқы үшін дәрілік заттардың үздіксіз және қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған