Халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары ҰҒМО-да COVID-19 ПТР тестін тегін тапсыра алады

101 қаралу саны

«ҰҒМО» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіре отырып, акция жариялайды. Осыған сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200 азамат жыл сайын, атап айтқанда:

  • екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар отбасылар;
  • жетім балалар мен кәмелетке толмай тұрып әкесі мен анасынан айрылған балалар. (Қазақстанда кәмелетке толу 18 жас деп есептелуіне қарамастан, олар 29-ға дейін саналады);
  • жасы бойынша зейнеткерлікке шыққандар біздің орталықта COVID-19 анықтауға арналған ПТР тестін тегін тапсыра алады.

Бүгінгі күні бүкіл әлемде 30 миллионға жуық Сovid-19 жұқтырған адам анықталды, оның 134 мыңы Қазақстанда.

Жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының өршуіне қарсы күресу және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін біздің медицинаның дайындық деңгейін арттыру мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҰҒМО-ның клиникалық зертханасы үшін AutoMag-96 құрылғысын сатып алуға қайырымдылық қолдау көрсетті.

Бұл құрылғы ПТР зертханасын автоматтандыруға және өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Атап өту кере, клиникаға КВИ-ға арналған ПТР-анализдер санының өсуі кезінде, әсіресе, күнделікті сыналатын үлгілердің саны мыңға жеткен кезде мұндай жабдыққа мәжбүр болды.

AutoMag-96 – магниттік бөлшектердің процессоры, ол нуклеин қышқылдарын әртүрлі шығу тегі бар клиникалық материалдардан бір мезгілде 96 сынамаға дейін автоматты түрде алуға мүмкіндік береді. Енді біздің орталықта КВИ анализін тапсырған емделушілер нәтижесін уақытында алады.

Ақысыз ПТР тестілері туралы қосымша ақпаратты дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін 8-7172-57-76-29 номері арқылы алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР Өтініш беруші халықтың көрсетілген әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжатты ұсынуы қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған