Гидроцикл көлігі: қалай пайдалану керек?

165 қаралу саны

Жаз айларында теңіздер мен су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан көптеген қайғылы оқиғалар болып жатады. Осындай жағдай 24 шілдеде Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орын алды. Осында орналасқан жағажайда қауіпсіздік-құтқару кеудешесі жоқ күйде 1980 жылғы Б. есімді ҚР азаматы тіркеуде жоқ гидроциклмен су айдынына шығып, су бетінде маневр жасай бастаған. Кезекті бұрылыста суға құлап батып кеткен. Қазір Алматы облысы бойынша ТЖД қызметкерлері оның денесін іздестіріп жатыр.

Көлік комитеті су айдындарында шағын көлемді кемені қауіпсіз пайдалану нормасын сақтау қажеттілігін ескертеді. Мекеменің мәліметінше, шағын көлемді жүзу құралдарын мынандай жағдайда пайдалануға тыйым салынады:

  • құтқару кеудешесін киіп, не алып шықпай;
  • шағын көлемді кемені басқару куәлігінсіз;
  • жолаушылар сыйымдылығы нормасын сақтамағанда;
  • техникалық ақау болған жағдайда және т. б.

Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік нормаларын бұзбағанда су көлігіндегі оқиғалардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Айта кетсек, флотта апатты болдырмау және суда адамдардың өмірін сақтау мақсатында Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері 1 маусымынан бастап еліміздің барлық су айдындарында «Скутер» акциясын бастады.

«Бүгінгі күні көлікті бақылау органдарының қызметкерлері 1 205 шағын көлемді кемені тексеріп, нәтижесінде 244 кемшілікті анықтады, жалпы сомасы 1 млн 518 мың теңгеге айыппұл салынып, 30 кеменің пайдалануына тыйым салынды» делінген Көлік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көлік комитетінің баспасөз қызметі су айдынында кемелерді қауіпсіз пайдалану талабы бұзылғанын көрген жағдайды осы туралы тәулік бойы жұмыс істейтін Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының нөміріне хабарлауды сұрайды. Фото және бейне материалдарды Whats App мессенджері арқылы 8 708 088 08 00-ге жіберуге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған