Фармацевтика қалай пайда болды?

53 қаралу саны

Адамдар ежелден-ақ әртүрлі дәрі шөптермен емдеу арқылы аурулармен күресіп келеді. Уақыт өте келе, қандай да бір затты қалай әзірлеу және не үшін пайдалану қажеттілігінен медицинаның жеке саласы қалыптасты. Ол фармацевтика деп аталады.

Дәрі-дәрмектер сырқатты емдеп қана қоймай, сондай-ақ, мамандардаң кеңесінсіз қолданатын болса ағзаға зиян келтіруі мүмкін екендігін барлық адам бірдей біле бермейді.

Дәрі-дәрмектердің тәжірибелі мамандарына провизорлар, фармацевттер секілді қызметкерлер жатады. Бұл мамандық иелері адамның дәрі-дәрмектер туралы тиісті білімі бар екенін білдіреді.

1224 жылы еуропалық монархтардың бірқатары дәрігерлер мен дәріхана қызметкерлерінің мамандығын ажырататын құжатқа қол қойды. Содан кейін дәрі-дәрмектерді сату пункттері пайда болды, олардың иелері дәрі-дәрмектерді өздері жасап, бұл істі көмекшілерге үйретті. Бұл алғашқы фармацевтер болды. Ресей империясында бұл атақ ғылыми дәрежені білдірді.

Қазіргі уақытта дәріхана ісін меңгеру үшін орта (колледж) немесе жоғары медициналық білім қажет. Дәрі-дәрмектерді өндіру және сату саласында жұмыс істеу үшін көптеген теориялық білім мен практикалық тәжірибе болуы тиіс. Провизор және фармацевт мамандығының сипаттамасы мен ерекшелігі – бұл бейінді медициналық білімі бар және дәріханаларда жұмыс жасайтын адамдар. Олар дәрілік препараттарды таратумен айналысады, өз кәсіби құзыреттілігі шеңберінде сатып алушыларға кеңес береді.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған