Еуропалық қонақ «112» оперативті орталығында

Фото для сайта Qoldasy.kz: Еуропалық қонақ "112" оперативті орталығында
406 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық кеңсесі мен Қазақстанның денсаулық сақтау саласы арасындағы ең қызық байланыстардың бірі елордалық Төтенше жағдайлар орталығы екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге төтенше жағдайлар орталығына қонаққа келді. Доктор Клюге орталық жұмысының барлық аспектілерін, оның ішінде коронавирус жайындағы ақпараттарды талдау, бақылау, зерттеу әдістеріне қызығушылық білдірді.

Орталықтың жұмысы жайлы ҰҚДСО директорының міндетін атқарушы Дамир Көпжасаров айтып берді. Дамирдің мамандығы – гигиенист-эпидемиолог. Сондықтан да білікті маман орталық қызметін егжей-тегжейлі айтып берді.


ДДСҰ жетекшісіне ақпарат жинаудың негізгі арнасы – Оперативті орталықтағы байланыс каналының жұмысы да таныстырылды. Тексеру күні операторлар Қазақстан бойынша келіп түскен 1625 қоңырауды өңдеп, олардың арасында жұқпалы ауруларға қатысты хабарламаларды анықтады.

Жіберіп алмаңыз:

Title

МӘМС жүйесі жайлы диалог

Доктор Клюге орталықтың жабдықталуы мен қоңыраулардың әдіснамалық өңдеуіне тәнті боп қайтты. ДДСҰ өкілі оперативті орталықты әртарапты қолдап, еуропалық бюроның Орталық Азия мемлекеттерінің мединциналық құрылымдары мен ТЖ қызметкерлерімен байланыс орнату маңыздылығына тоқталды.

  • В гости к ЧС-никам прибыл Ханс Клюге, руководитель Европейского регионального бюро ВОЗ.
  • Фото для сайта Qoldasy.kz: Еуропалық қонақ "112" оперативті орталығында

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған