Емханаға тіркелу неліктен маңызды және тіркелгендерге қандай пайда болады?

80 қаралу саны

Халықты емханаларға тіркеу науқаны аясында сіз қалауыңыз бойынша (қызмет көрсету аймағында) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымын таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Бұл неліктен маңызды және тіркелгендерге қандай пайда болады?

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке мыналар кіреді:

  • ең көп кездесетін ауруларды, жарақаттарды және басқа жағдайларды диагностикалау және емдеу;
  • жұқпалы ауруларға қарсы иммундау, вакцинация;
  • әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алу және оның ерте диагностикасы;
  • шұғыл жағдайларға арналған үй қоңырауларына қызмет көрсету;
  • жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балаларға патронаттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • медициналық оңалтуды, күндізгі стационарда емдеуді қамтамасыз ету;
  • мектеп медицинасы аясында профилактикалық тексерулерді қамтамасыз ету.

Тіркеу науқаны кезеңінде емханаға тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы ұйымда медициналық көмек ала бастайды, ал бұл кезеңде тіркелмеген азаматтар үшін әдеттегі медициналық көмек қолжетімді болмауы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған