Егер сіз артықшылықты санатқа жататын болсаңыз, бірақ жүйедегі мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?

89 қаралу саны

Мемлекет халықтың 15 артықшылықты санаты үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз артықшылықты санатқа жататын болсаңыз, бірақ жүйедегі мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?

МӘМС жүйесінде ақысыз медициналық көмек алуға жүгіне алатын азаматтардың жеңілдік берілген санатына жататындар: ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектрер және зейнеткерлер.⠀

Олар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Қайда бару керек: ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері

Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: ақысыз

Мемлекеттік қызметтің орындалу мерзімі: 10 күн

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру үшін сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  • нысан бойынша өтініш
  • жеке басын куәландыратын құжат
  • тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжат
  • ЕДБ-дегі банкт шоттың нөмірі туралы ақпарат
  • төленген кірістің сомасы туралы анықтама
  • еңбек кітапшасы
  • неке куәлігі

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған