Егер карта жоғалса не деректері қолды болса, не істеу керек?

46 қаралу саны

Төлем картасы жоғалған немесе ұрланған кезде картаны ұстаушыға, ең алдымен, эмитент банктің байланыс телефон нөмірін жазып алу немесе еске сақтау ұсынылады. Бұл нөмір төлем картасының келесі бетінде көрсетілген.

  • Төлем картасы жоғалған, ұрланған, банк шотынан ақшаның алынғаны немесе төлемнің рұқсатсыз жасалғаны байқалған кезде жоғарыда көрсетілген нөмір бойынша дереу қоңырау шалу керек және төлем картасын бұғаттау қажет. Бұл ретте осы операцияны жасау үшін төлем картасын шығаруға өтініш берген кезде көрсетілген код сөзін есте сақтау қажет екендігін атап өткен жөн;
  • Қаржы алаяқтарына алданып қалған, телефон немесе электрондық пошта бойынша жеке деректерін берген адамдар өзінің банкіне жедел тәртіпте картаны бұғаттауға және қайта шығаруға өтініш беруі тиіс;
  • Әр банктің ерекшелігін білу маңызды. Банктердің бірінде қаражат ұрланғаннан кейін мобильді қосымшаның көмегімен картаны бірден бұғаттауға болса, басқа банкте call-орталығына қоңырау шалып, картаны бұғаттауға өтініш беру керек.

Еске сақтаңыз: Картаңыздан қаражат ұрланған жағдайда дереу құқық қорғау органдарын хабардар ету қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған