Егер ішкен дәрі-дәрмектің жағымсыз реакция бергенін байқасаңыз…

94 қаралу саны

Егер ішкен дәрі-дәрмектің жағымсыз реакция бергенін байқасаңыз немесе оның тиімділігіне күмәнданып жүрсеңіз, тіркелген емханаңызға хабарласып, дәрігермен бірге хабарлама картасын (сары карта) толтыру қажет. Картаны www.ndda.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Содан соң мамандар жағымсыз әсердің қабылданған препаратқа қатысы бар-жоғын жан-жақты тексереді.

Не туралы хабарлау қажет:

  • дәрі-дәрмектің белгілі жанама әсері туралы;
  • дәрі-дәрмектің белгісіз (медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген) жанама әсерлері туралы;
  • тиімсіздігі немесе емдік әсерінің төмендігі туралы;
  • дозадан артық қабылдау мәселесіне байланысты күмәніңіз болса;

Дәрі-дәрмекті қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу қажет. Бұл дәрінің жанама әсерін төмендетуге көмектеседі.

Екіншіден, препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықпен, әсіресе «жанама әсері», «қарсы көрсетілімдер, «артық доза», «сақтық шаралары», «арнайы нұсқаулар» туралы ақпаратпен мұқият танысып шығыңыз.

Дәрігер тағайындаған ем-шараларды орындаңыз. Дәрі-дәрмекті дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыздар! Дәрі-дәрмекті қабылдау қажеті бар-жоғын дәрігер ғана анықтай алады.

Қосымша сұрақтар бойынша ҰДЗСО Фармакологиялық бақылау департаментіне хабарласуға болады. Телефоны: +7 (7172) 78 98 28

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған