Еcте сақтау қабілетін жақсартуға арналған қарапайым әдістер

34 қаралу саны

1. Қиялыңызды қосыңыз
Сандарды естерінде сақтай алатындар көбіне санды өсімдік, жануар және жансыз заттар түрінде елестетеді. Мысалы, екі санын аққу, бір санын жол жиегіндегі бағана, алты санын құлып және т.с.с.
2. Көп қимылдаңыз
Билеңіз, қозғалыңыз, спортпен шұғылданыңыз. Бұл қан айналымын жақсартады. Ақпаратты қабылдауды, қайталауды және қайта өңдеуді қамтамасыз ететін психикалық процесстерді күшейтеді.
3. Қолөнермен айналысыңыз
Кесте тігу, өру, моншақ тізу мидың жұмысын жақсартады.
4. Назарыңызды есте сақтау процессіне аударыңыз
Егер сіз бір нәрсені есіңізде сақтағыңыз келсе, осыған барлық назарыңызды аударыңыз. Ойланыңыз, тыңдаңыз, білетін нәрселеріңізбен салыстырыңыз. Ақпаратты белгілі бір нәрсемен байланыстырсаңыз, қажетті затты есте сақтау жеңіл болады.
5. Есіңізге түсіріңіз
Егер санды, досыңыздың телефон нөмірін ұмытып қалсаңыз – бірден телефонды, жазба кітапшасын ақтармас бұрын, ұмытқаныңызды өз бетіңізше есіңізге түсіруге тырысыңыз.
6. Жаттығыңыз
Көркем әдебиетті оқыңыз, кейін шығарма кейіпкерлерінің есімін және сюжетін қысқаша түрде жазып, қайта есіңізге түсіріңіз.
7. Қайталаңыз
Бұл ақпаратты 5 рет тоқтамай қайтала деген сөз емес. Мұны бес күннің ішінде бір рет жасап тұрыңыз. Ұйықтар алдында қайталау оң әсер береді.
8. Дұрыс тамақтаныңыз
Теңіз өнімдері, балық, жұмыртқа, дәнді дақылдар, көкөніс есте сақтау қабілетін жақсартады. Кейбір кезде шоколадтың кішкентай бөлігі де мидың жұмысын күшейтуі мүмкін.
9. Өлең жаттаңыз
Күн сайын қысқаша өлеңнен жаттап, аптаның соңында достарыңызға немесе туыстарыңға оқып беруді әдетке айналдыруға болады.
10. Шет тілін үйреніңіз
Бұл да есте сақтау қабілетін арттыратын жақсы әдіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған