Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жеткізіледі

33 қаралу саны

Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшу алдындағы кері санақ басталды. Бұл туралы Димаш Құдайберген  Instagram парақшасында жазды.

«30 шілде күні, шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай болады»  деп жазды қазақты әлемге танытқан әнші. Димаш Құдайберген атымен аталатын отырғызу талонын әртүрлі елдер, соның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей берген. «Мені әрдайым, барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма рахмет айтамын. Біздің есіміміз жазылған микрочиптер марсқа 2021 жылы жетеді» дейді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған