Денсаулық сақтау туралы жаңа Кодексте екпе туралы не айтылған?

84 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов маңыздыларын атап өтті:

  • Жаңа Кодексте міндетті және ерікті профилактикалық егу туралы толықтай айтылған. Міндетті егу жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарай бөлінеді. Ал жоспарлы екпе азамат қажетті жасқа жеткенде және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған кезде салынады.
  • Егу алдында дәрігер пациентті қарап, оған немесе оның заңды өкіліне егу, оның жағымсыз реакциялары мен екпеден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беруі тиіс. Медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
  • Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша салынатын екпелерді медициналық қарсы көрсеткіштер жоқ азаматтар ала алады. Міндетті екпе салынатын аурулар тізбесіне кірмейтін кеселдерге қарсы өз ақшасына ерікті түрде екпе салдыруына болады.
  • Егуден кейінгі жағымсыз салдарларды тіркеу және тексеру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
  • Екпе салынбаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін уәкілетті орган айқындайды.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған