Денсаулық елшісі Марат Жыланбаевтың жүгіруді жаңа бастағандарға арналған кеңестері

92 қаралу саны

Жүгіруді бастау ешкімге ерте де емес, кеш те емес. Бұл – денсаулық сақтау, артық салмақ тастау және таза ауада көп уақыт өткізу үшін таптырмайтын әдіс.

Марат Жыланбаев – әлемнің жеті дүркін рекордсмені, барлық шөлейттерден жүгіріп өткен ғаламшардағы жалғыз адам. Атақты спортшы жаңадан бастаушыға қалай жүгіру керектігі туралы өмірлік маңызы бар кеңестермен бөлісті.

  • Жүгіру денені ширатудан басталады. Өйткені, бұнсыз организм, жүрек-қантамыр жүйесі үлкен стресске ұшырайды. Денені ширату 15-20 минуттан кем болмауы тиіс.
  • Алғашқы айда бұлшықет пен буындарыңызды үйде дайындап алуыңыз қажет. Бұл қолға, белге, тізеге және өкшеге арналған түрлі жаттығулар.
  • Өкшеңізді шынықтырыңыз, үйде жалаңаяқ жүріңіз және көшеде жаяу (тез адымдап) жүріңіз. Үнемі арақашықтықты арттырып тұрыңыз.
  • Дайындалмаған организм үшін күн сайынғы шынықтырулар үлкен стресс болып табылатындықтан жаңадан бастаушы демалудың да жаттығу сияқты маңызы болатынын есінде ұстағаны жөн.
  • Аптасына 3-4 рет жүгіру организмге қалыпқа келу үшін уақыт береді және шамадан тыс жаттығудан гөрі әлдеқайда жоғары нәтижеге жеткізеді.
  • Өзіңізге ыңғайлы жүгіру жылдамдығын таңдағаныңыз маңызды – ол жаңадан бастаушылар үшін 6-8 км/сағ. болуы тиіс. 120-130 айналасындағы пульспен жүгіруге тырысыңыз, бұдан төмен пульспен жүгіру әсер бермейді.
  • Ұзақ жүгіргеннен кейін негізінен созудан, сермеу жаттығуларынан тұратын үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Созу сіңірдің, буындардың қозғалғыштығын арттырады және тірек-қимыл аппараты жүктемесін қосымша арттыратын қор құрады.
  • Жүгіруден кейін душ қабылдаған абзал. Жылы душ ширыққан бұлшықетті босаңдатуға, теріні сергітуге және тонусқа келтіруге көмектеседі.
  • Барлық температуралардың пайдасы бірдей еместігін ұмытпаңыз, мысалы, жүгіруден келе салып салқын душ қабылдау зиян тигізуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған