Дене шынықтыру мен спорт әлеуеті

69 қаралу саны

Қазақстандық мектептердің денсаулығын нығайтуға ықпал ететін ұлттық үйлестірушісі Ақбота Әбілдина ҚР Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы тамыз конференциясының «Дене шынықтыру» секциясына қатысты. Онлайн-режимдегі конференция «Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті» тақырыбында өтті.

Ақбота Әбілдина денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер тұжырымдамасы туралы (барлық оқушылардың, мұғалімдердің және басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқаты үшін құрылымдалған және жүйелі жоспарды енгізетін мектептер), күн сайын балалар арасында семіздік пен артық дене салмағының таралуын төмендету факторы ретінде дене жүктемесінің маңыздылығы туралы айтып, Еуропа елдерінің озық тәжірибесімен бөлісті. Бұл тақырып конференцияға қатысушылар мен БАҚ арасында қызығушылық тудырды.

«Мектеп жасөспірімдер арасында дене белсенділігін насихаттауда маңызды рөл атқарады, – дейді Ақбота Әбілдина. – Балалар мен жасөспірімдердің дені уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді, яғни ұсынылған нормативті (күн сайын 60 минут дене белсенділігі) орындау үшін оларға толық мүмкіндіктер берілуі тиіс. Дене шынықтырумен шұғылданудың жоғары сапасы мен жүйелілігінің және оқушылар арасында қауіпсіз дене белсенділігінің маңызын арттырудың бір жолы дене шынықтыру мұғалімдерін тиісті деңгейде даярлау болып табылады. Олар спорттың дәстүрлі түрлерін ғана емес, жастарды физикалық тұрғыда нығайтуға бағытталған дене шынықтыру дағдыларын да меңгеруі тиіс. Дене шынықтырудың жалпыға қол жетімді түрлерінің кең спектрін ұсыну қажет, өйткені дәстүрлі бәсекеге қабілетті спорт түрлері бәріне ортақ емес. Олар мәселен, физикалық белсенділікке мұқтаж адамдарға жарамайды».

Ақбота Әбілдина сондай-ақ, жастар арасында дене белсенділігі деңгейін арттыруға ықпал ететін мектептегі дене шынықтыру сабақтары, әдетте, аптасына бірнеше рет қана өтетініне назар аударды. «Демек, балалар мен жасөспірімдерге арналған дене жүктемесінің ұсынылған нормативтерін орындау мақсатында сабаққа дейін және одан кейін, сондай-ақ оқу күні бойы спортпен шұғылдану үшін қосымша мүмкіндіктер қарастыру қажет. Айталық, сабақ кезінде және үзілістерде спорттық үзілістер және сабақтан тыс бағдарламаларды қарастыру қажет. Дене белсенділігін арттырудың тағы бір тиімді әдісі – жаяу және велосипедпен жүру».

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған