ДДСҰ COVID-19-ды дәрілік шөптермен емдеуге рұқсат берді

63 қаралу саны

ДДСҰ COVID-19-ды дәрілік шөптермен емдеуге рұқсат берді. Бұл туралы кеше РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 емдеу үшін африкалық дәрілік шөптердің клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін өткізуді мақұлдады. ДДСҰ сынақ хаттамасын, Жарғыны және клиникалық сынақтарға арналған деректерді бақылау және қауіпсіздік комиссиясын құруға арналған техникалық тапсырманы мақұлдады.

Ұйымның атап өтуінше, клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі африкалық шөптерге негізделген жаңа дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі мен тиімділігін толық бағалау үшін өте маңызды.

ДДСҰ серіктестері – африкалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығы және Африка одағының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясы.

Бұл ұйым осы жылдың мамыр айында коронавирустық инфекцияны емдеудің дәстүрлі әдістерін барлық дәрі-дәрмектер үшін бірыңғай сынақ процедурасына сәйкес қарастыратынын мәлімдеген еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған