Дамир Көпжасаров: Вакцинадан бас тартқан ата-ана өзіне тиісті жауапкершілік алады

Фото дереккөзі: Opportunity180.org. Дамир Көпжасаров: Вакцинадан бас тартқан ата-ана өзіне тиісті жауапкершілік алады
23  983 қаралу саны

Кеше ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көпжасаров онлайн брифингте екпе салу алдында қандай рәсімдер жасалу керектігін түсіндірді:

Вакциналау кезінде екпеге келісетіні немесе бас тартатыны туралы қолхат алынады. Екпе салу алдында дәрігер баланың ата-анасына тиісті мәліметтерді беруі керек. Яғни, вакцинаның сипаты, қандай инфекцияға қарсы қойылып жатқаны жайында, одан қандай реакция болатындығы туралы, сондай-ақ вакцинаның құрамы жайында түсінік береді.

Бұл шаралар баланың ата-анасы вакцина туралы хабардар болуы үшін жасалады. Осыдан кейін баланың ата-анасы екпеге келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы шешім қабылдайды. Вакцинадан бас тарта отырып, ата-ана өзіне тиісті жауапкершілікті алады, яғни бұл жағдай қандай да бір мағынада баланың болашағына әсер етуі мүмкін. Себебі өзге елдерде студентті оқуға қабылдау кезінде нақты вакциналарға тиісті сертификаттың болуын сұрайды. Сонымен бірге, ата-ана баланың денсаулығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

Фото дереккөзі: Opportunity180.org


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

uralskweek.kz

Арзан және сапалы болса…


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған