Дәрілік заттың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды

24 қаралу саны

Достар, біз сіздерді дәрілік заттарды сараптау кезеңдерімен таныстыруды әрі қарай жалғастырамыз.

Сонымен, сараптаманың барлық кезеңі, бастапқы, мамандандырылған және зертханалық зерттеулер кезеңі аяқталғаннан кейін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшылары препараттың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды жасайды.

Дәрілік заттың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды – бұл дәрілік заттың тіркеу деректері материалдары сараптамасының нәтижелерін қамтитын құжат.

Сараптама аяқталғаннан кейін өтініш беруші 30 күнтізбелік күн ішінде ДЗСҰО-мен дәрілік зат бойынша жалпы мәліметтер мен қорытынды құжаттарды келіседі:

  • дәрілік препараттың жалпы сипаттамасын;
  • медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты (қосымша парақ);
  • қаптамалардың, этикеткалардың, жапсырмалардың макеттерін.

Сараптама қорытындысының негізінде дәрілік затқа тіркеу куәлігі беріледі. Бұл туралы келесі посттардан оқи аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған