Дәрігер иммунитетті нығайтудың тиімді жолдарын атады

86 қаралу саны

Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман: КВИ және тағы басқа инфекциялардан сақтану үшін дұрыс тамақтану керек. Әсіресе, көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жеу қажет. Қазір күз мезгілі. Жеміс-жидек пен көкөністердің пісіп жатқан уақыты. Олардың денсаулыққа пайдасы орасан зор. Әсіресе, алма мен жүзімді көбірек жеңіздер. Жүзімнің құрамында антиоксидант бар. Ол өкпені дерттен қорғайды. Сондай-ақ, қыс мезгілінде кептірілген немесе тоңазытқышта сақталған жемістерді жеу адам азғасы үшін өте пайдалы. Ол түрлі инфекциялардан қорғайды.

Сонымен қатар, D витаминін алу да маңызды. Қазір ауа райы тамаша. Күн шуақты болып тұр. Далада таза ауада көбірек серуендеңіздер. Күн сәулесінен D витаминін аласыздар. Дұрыс ұйықтау да маңызды. Ол иммунитетті көтереді. Стреске түспеу жағын ойлаңыздар. Ол иммунитетті төмендетеді. Сондықтан жағымсыз хабарларға көп мән бермеуге тырысыңыздар. Мен адамзат баласы коронавирус пандемиясын жеңеді деген үміттемін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған