Дәрі туралы: Үшінші аңыз бен ақиқат

44 қаралу саны

Инфекцияға қарсы препараттың барлығы антибиотик.

Бұл қате түсінік!

Неге? Бірге талқылайық.

Жұқпалы ауруларды емдеуге арналған препараттар инфекция қоздырғыштарына әсер ететін дәрілік заттар тобына кіреді.

Инфекция қоздырғыштары:

– вирус

– бактерия

– зең (грибок)

– протозой

– гельминт және т.б.

Инфекцияның қоздырғышына қарай инфекцияға қарсы препараттар мынадай топқа бөлінеді:

– вирусқа қарсы,

– бактерияға қарсы,

– зеңге қарсы,

– антигельминтикалық

– протозойға қарсы.

Бактерияға қарсы препараттар тек БАКТЕРИЯҒА әсер етеді.

Ол бактерияны өлтіреді немесе өсіп-көбеюіне жол бермейді.

Мысалы, антибиотиктер ВИРУСҚА әсер етпейді, өйткені вирус құрылымы мен зат алмасу ерекшелігі жағынан бактериядан өзгеше.

Есіңізде болсын, пациентті алдын-ала тексеріп, анализ, рентгенография, экспресс-тест нәтижелеріне қарай антибиотикті тек дәрігер тағайындайды. Өйткені алдымен бактериялық инфекцияны анықтап, нақты диагноз қою керек.

Денсаулығыңызға мұқият болыңыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған