Дәрі-дәрмек: төртінші аңыз бен ақиқат

29 қаралу саны

МИФ: Егер белгілі бір антибиотик бір рет жақсы көмектессе, келесі жолы оны өз бетімше қолдана беруіме болады.

Бұл дұрыс емес!

Бірге талқылайық.

Бұған дейінгі постта антибиотик бактерия анықталған соң, оның антибиотиктерге сезімталдығы белгілі болғанда және дұрыс диагноз қойылғаннан кейін ғана тағайындалғанын айттық.

Жұқпалы ауру түрлі бактерия мен антибиотиктерге әртүрлі сезімталдылық тудыруы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Мысалы, адамда бронхит бар дейік, оның қоздырғышы пневмококк болуы мүмкін, содан кейін стафилококк тудыратын ангина пайда болады.

Егер сіз бронхитке қарсы антибиотик қабылдасаңыз, ол ангинаға көмектеспейді, өйткені патогендері басқа. Сондай-ақ, өткен жылы ауруға ем болған антибиотик биыл әсер етпей қалуы мүмкін.

Пациенттер көбіне жағдайы жақсарғаннан кейін, ағзаға күш түспесін деп дереу антибиотикті тоқтатады. Мұндайда толық емделмеген инфекция басқа мүшелердің: бүйрек, бауыр, жүрек және т. б. асқынуына әсер етуі мүмкін.

Егер терапевтік әсері жоқ антибиотикті ұзақ уақыт қабылдасаңыз, аллергиялық реакция пайда болып, қалыпты микрофлора бұзылады.

Сондықтан, антибиотикпен өзін-өзі емдеу, доза мен қабылдау кезінде уақыт аралығын сақтамау, терапияның ұзақтығы емнің тиімсіздігіне, жанама әсердің өршуіне және бактериялардың препаратқа төзімді болып алуына әсер етуі мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған