Дүниежүзілік баланы емізу апталығы: екінші кеңес

121 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Наталья Юшицина UNFPA Kazakhstan-мен серіктесе отырып, жаңа туылған сәбилердің анасына арналған пайдалы кеңестер сериясын ұсынады. Сонымен екінші кеңес.

Сәбилер үшін

Жаңа туылған баланы тазалықта ұстау қажет.

• Баланы күн сайын жуындырыңыз. Суға малынған мақта тампондарын қолдануға болады.

• Көздерін қайнатылып, бөлме температурасына дейін салқындатылған әр түрлі тампондармен сүртіңіз. Бір көзін бір тампонмен, басқа көзін екінші тампонмен сүртіңіз. Тампондарды суға малып, көзді ішкі бұрышынан бастап сыртқы бұрышына дейін жуады.

• Мұрнын суға немесе қайнатылған өсімдік майына малынған мақта таяқшаларымен тазалаңыз. Баланың бұл кезде түшкіруі мүмкін.
• Әр дефекациядан кейін баланы жуып тұрыңыз. Мұны құбырдан ағып тұрған судың астында жасаған дұрыс. Қыз балаларды тік ішектен қынапқа бактерияларды түсірмеу үшін тек алдынан бастап артқа қарай жуындырыңыз. Ешқашан үлкен және кіші жыныс ернеулері арасындағы ақ жақпаны алып тастамаңыз, ол жыныс органдарының нәзік сілемейлі қабықшасын микробтардан қорғайды.

• Кіндіктің қалдығын еш нәрсемен өңдемеңіз. Ол тек құрғақ қана болуы керек және жөргекшемен жабылмауы тиіс (жөргекшені баланың ішінің үстінен қайырыңыз). Бұл оның зәрмен және нәжіспен ластанбауы үшін жасалады.
• Егер кіндігі кірлеп кетсе, оны сабын қосылған таза сумен жуып, таза сүрткішпен сүртіңіз.

• Кіндігі түскен соң жарақатты құрғақ және таза ұстаңыз. Оны өңдеу үшін ешқандай да құралдарды қолданбаңыз.

• Жаңа туылған сәбиді құбырдан ағып тұрған судың астында, емізудің алдында, өзіңізге ыңғайлы уақытта жуыңыз. Дегенмен де, сәбиді кешкі уақытта жуған ыңғайлы. Шомылу кезіндегі бөлме ауасының температурасы 24–25 ⁰С, ал судың температурасы 37–37,5 ⁰С болуы тиіс. Шомылу ұзақтығы 5–7 минут болуы керек. Кішкентай ваннадағы су құлаққа және ауызға кірмеуі үшін мойынға дейін жетуі қажет. Кішкентай ваннаның түбіне тайғанақ болмау үшін пелёнка төсеу қажет. Баланы күн сайын, бірақ сабынмен 1–2 рет шомылдыру керек. Балаларға арналған арнайы косметиканы ғана қолданыңыз. Алдымен басын жуыңыз, артынан денесін және соңынан аяқтарының арасын жуыңыз. Шомылдырғаннан кейін баланы бір температурадағы – 37 ⁰С-тағы су құйылған ожаумен шайыңыз. Баланы жақсылап кептіріп, оған жылы киім кигізіңіз.

• Баланы күтіп-қарағанға дейін және одан кейін қолыңызды міндетті түрде жуыңыз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған